Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Елімізде спорт комментаторларына кастинг жарияланады

Елімізде спорт комментаторларына кастинг жарияланады

Тіл дикциясы-сөздің, буынның анық, дауыстың жағымды болуы, ойды еркін жеткізе алу - спорт комментаторларына кастинг жариялаған «QAZSPORT» телеарнасының басты талабы. Бұл туралы ҚазАқпарат телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Іріктеу шаралары 15-16 наурыз күндері өткізіледі. Кастингтің мақсаты - телеарна комментаторларының қатарын жаңа есімдермен толықтыру. Өткен жылдардағы кастингтер барысында 500-ден аса үміткер тыңдалып, озып шыққан 46 комментатор қазір телеарнада жемісті еңбек етуде. 
Наурыз айында өтетін 2019 жылдың алғашқы кастингінде іріктелетін комментаторлар футбол, баскетбол, хоккей, бокс, волейбол, ұлттық спорт және басқа да арнаның негізін құрайтын спорт түрлерін жетік меңгерген әмбебап; жекелеген спорт түрлерін зерттеп жүрген; қазақ немесе орыс тілдерінде  ойын еркін жеткізе алатын; жасы 21-ге толған Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан таңдалады.
Кастинг 2019 жылы 15-16 наурыз күндері Астана қаласы, Мәскеу көшесі 33А, «QAZSPORT» телеарнасының ғимаратында өтеді.
Үміткерлердің  резюмелері  2019 жылдың 12 наурызы күні кешкі сағат 20:00 - ге дейін kazsporttv.kz@mail.ru эл.поштасы арқылы қабылданады. Іріктеуге корпоративті электронды пошта немесе өзге адамдардың атынан жіберілген резюме иелері жіберілмейді.  «QAZSPORT» телеарнасы кастингке қатысуға үмітті азаматтардан өз уақыттарын үнемдеу үшін тыңғылықты дайындалып, іріктеу жұмысына жауапкершілікпен қарауды сұрайды. 
05 наурыз 2019 ж. 1 309 0

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 183

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 150

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 131

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 145

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930