Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Құрметті қазалылықтар!

Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы көксеген арманына, аяулы мұратына қол жеткізгеніне биыл – 32 жыл толып отыр.

Тәуелсіздік күні – жас ғұмырын ел бостандығы үшін күреске арнаған боздақтардың жанкешті ерлігі мен қайсарлығын еске алатын қастерлі мереке. Сондықтан да бүгінгі күн – ата-бабамыз аңсаған арманы жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы тарихи күн.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары халқымыз көптеген қиындықтарды бастан өткерді. Бірақ, уақыт өте келе ол қиыншылықтар артта қалды. Тарихымыз қайта парақталып, ұлттық рухымыз жаңғырды. Ел тарихынан тағылым алатын ақтаңдақтардың сыры ашылды, тіліміз де діліміз де жаңа белестерге бет түзеді.

Татулық пен тұрақтылық орныққан еліміз ынтымақ ұясына, бірліктің төріне айналды.
Осындай егеменді ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт деп білемін.

Еліміздің Тәуелсіздігі күнімен тағы да баршаңызды шын жүректен құттықтай отырып, әр отбасына зор денсаулық, шаңырақтарына шаттық, берекелі бірлік тілеймін.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!

Ізгі ниетпен,
М.Оразбаев
Қазалы ауданының әкімі
16 желтоқсан 2023 ж. 347 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 42

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031