Аудан әкімінің құттықтауы
Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен және Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 30 жыл бұрын, 1992 жылғы 7 мамырда Ұлттық Қорғаныс Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойылды. Сол уақыттан бері бұл Отан үшін қалтқысыз қызмет ететін рухы мықты, ержүрек азаматтардың мерекесіне айналды. Қасиетті атамекенімізді қорғауды кәсібіне айналдырған біздің жауынгерлеріміз бен офицерлеріміз – патриотизмі мен ерлігі, өз мамандықтарына деген сүйіспеншілігі үшін құрмет пен даңққа лайық!
Қазақстанда еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, заманауи және кәсіби армия құруға ерекше көңіл бөлінуде. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті міндетіне, аға буынның ерлік және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің адамгершілік мектебіне айналды.
Бүгінгі ерекше мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен амандық тілеймін.
Ұлттық әскеріміздің айбыны артып, Тәуелсіз еліміздің тұғыры қашанда биік болғай!
Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі М.Оразбаев