Боран, көктайғақ және қатты жел: 22 қазанға арналған ауа райы болжамы
Елдің бірқатар өңірінде қар, боран, көктайғақ пен қатты жел күтіледі. Батыс пен оңтүстікте өрт қаупі жоғары

Фото: istockphoto.com

Фото: istockphoto.com
Синоптиктер 22 қазанда Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жариялады. Елдің шығысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ пен боран болады. Көптеген облыста желдің екпіні секундына 15–28 метрге жетеді. Ал батыс, оңтүстік және орталық өңірлерде өрт қаупі жоғары немесе төтенше деңгейде сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта секундына 15–18 метрге дейін жетеді.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Көкшетауда таңертең және күндіз солтүстік-батыс желі секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады, солтүстігінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Батысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге, екпіні 25 метрге дейін жетеді.
Петропавлда аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Павлодар облысында жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстігі мен орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде облыстың батысында, күндіз өңірдің басқа бөліктерінде секундына 15–20 метрге жетеді.
Павлодар қаласында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз солтүстігі мен шығысында батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыстың батысында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Ұлытау облысының батысы мен орталығында өрт қаупі төтенше деңгейде болады. Жезқазған қаласында да өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстігі, шығысы мен таулы аудандарында қалың қар жауады. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында боран соғады. Батысы, солтүстігі мен шығысында батыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Өскеменде жауын-шашын, негізінен қар жауады. Боран соғып, көктайғақ болады. Түнде батыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–18 метрге жетеді.
Абай облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батысы, солтүстігі мен орталығында боран соғады. Түнде және таңертең оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысы, солтүстігі мен орталығында батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге, кей уақытта 23 метрге дейін жетеді.
Семейде жауын-шашын, негізінен қар жауып, боран мен көктайғақ болады. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Алматы облысының батысы, оңтүстігі, шығысы мен таулы аудандарында батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Шығысы мен таулы аудандарында жел кей уақытта секундына 23–28 метрге дейін күшейеді. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.
Қонаев қаласында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта секундына 15–20 метрге жетеді.
Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарына қарасты Іле Алатауының таулы аймақтарында батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні кей уақытта секундына 23–28 метрге дейін күшейеді. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Шығысында өрт қаупі төтенше, оңтүстігінде жоғары деңгейде сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде жел таулы аудандарда, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында күшейеді. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Күндіз солтүстігі мен таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында 2 градусқа дейін үсік жүреді. Облыстың солтүстігі, батысы мен орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Түркістан қаласында да өрт қаупі жоғары.
Қызылорда облысының шығысы мен орталығында күндіз шаңды дауыл соғады. Бұл аудандарда солтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде облыстың шығысы мен орталығында 2 градусқа дейін үсік жүреді. Өңірде өрт қаупі төтенше, солтүстігінде жоғары деңгейде сақталады. Қызылорда қаласында да өрт қаупі төтенше деңгейде болады.
Ақтөбе облысының шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Ал батысы, оңтүстігі мен орталығында өрт қаупі төтенше деңгейде болады.
Атырау облысында өрт қаупі жоғары, ал солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында төтенше деңгейде сақталады. Атырау қаласында да өрт қаупі төтенше деңгейде болады.
Маңғыстау облысының орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Батысы, оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.










