Еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді, тұман түседі
19 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек солтүстік батысында, солтүстік шығысында, шығыста және оңтүстікте атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Кей жерлерінде желдің күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Түнде Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, Жамбыл облысының кей жерлерлерінде тұман түседі. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде - тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.