Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау-2019: 7 саяси партия кандидат ұсынуы мүмкін

Сайлау-2019: 7 саяси партия кандидат ұсынуы мүмкін

2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс презденттік сайлау елімізде ресми тіркелген 7 саяси партия өз кандидаттарын ұсынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, саяси партияларды тіркеуді Әділет министрлігі жүргізеді. Әділет министрлігінің бізге ұсынған мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта 7 саяси партия тіркелген. Бірақ, осы жерде 1,5 жылға жуық жұмыс істеп жүрмін, 7-ші саяси партия белгісіз. Хат та жөнелттік, олардан жауап келіп жатқан жоқ. Аталған партияның өкілдерін шақырған шаралардың бірде-біріне ешкім келмеді», - деді ол.

З.Баймолдинаның айтуынша, дөңгелек үстел, баспасөз мәслихаты, брифинг, ғылыми-тәжірибелік конференция сынды барлық түрлі шараларға белсене қатысатын 6 саяси партия бар. Олар: «Nur Otan», Ақ жол, Қазақстан коммунистік халық партиясы, Бірлік, Ауыл, және Қазақстанның жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.

«Қанша республикалық қоғамдық бірлестік бар екендігі туралы ақпаратты еш уақытта сұратпаймыз. Бұл Әділет органдарының құзіретіне жатады. Қазіргі уақытта олар ел президенттігіне кандидат ұсына алатын болғандықтан кейін ғана назарымызды аудартып отыр. Егер республикалық қоғамдық ұйымдар кандидатын ұсынатын болса, онда біз олармен де жұмыс істейміз», - деді ҚР ОСК мүшесі.
13 сәуір 2019 ж. 1 648 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 58

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 59

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 102

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 118

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031