Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл тұрғындары аудан басшысына риза

Ауыл тұрғындары аудан басшысына риза

Аудан әкімі М.Ергешбаевтың халықпен есепті кездесуі Сарыкөл ауылдық округінде де болып өтті. Онда округ әкімі Б.Ерқосаевтың 2017 жыл бойына атқарған жұмыстары мен келешекте жоспарлаған міндеттері ортаға салынды.
Абай ауылында бөлінген бюджеттік қаржы 100 пайызға игерілген. Мұнда 50 кәсіпкер есепте бар. 24 шаруа қожалығы, 2 монша, 2 жолаушылар тасымалы, 1 шаштараз, 1 тігін цехы, 2 наубайхана, 1 қол өнер шебері қызмет етеді.
190 үй сервистік желі арқылы толық таза сумен қамтылған. Ауылдық округ көлемінде ардагерлер мен әйелдер кеңесі, жастар ұйымы және діни бірлестіктер ауыл әкімшілігімен бірлесе ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар өткізіп келеді. Алға қойған міндеттер қатарында ауылдың кіре-берісінде түнгі жарық шамдар орнату көзделуде.
Сондай-ақ, Ш.Уәлиханов көшесінің жолына жөндеу жүргізу, Жаңақұрылыс, І.Саймаханов көшелеріне қиыршық тас төсеу жүзеге асырылады деп күтілуде.
Маңызды басқосуда ауыл тұрғындары: Ғ.Ізтілеуов, Т.Алпамыс, Д.Төлегеновалар жолдарды жөндеу мен Сырдария үстімен өтетін өткел мәселелерін шешуді және балабақшаға жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрады.
Аудан басшысы айтылған ұсыныстар алдағы уақытта тиісті орындармен жан-жақты ойласа отырып шешілетін мәселелер екендігін мәлімдеді. Бұған риза болған абайлықтар ит жылы ел несібесінің молаюын тілеп, ақ батасын берді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА.
17 қаңтар 2018 ж. 1 512 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 120

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 122

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 82

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 94

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031