Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімдігінде «Адалдық дүкені» ашылды

Облыс әкімдігінде «Адалдық дүкені» ашылды

Қызылорда облысында мемлекеттік мекемелердің арасында алғашқы болып облыс әкімдігі ғимаратында «Адалдық дүкені» ашылып, өз жұмысын бастады.
«Адалдық дүкенінің» ашылу мақсаты - азаматтар арасында адал еңбек етуді насихаттау, олардың бойында адалдық құндылықтарын арттыру болып табылады.
Ең бастысы бұл дүкенде бақылып тұрған сатушы да, бейнекамера да жоқ. Сатып алушыға өзінің ұяты мен тәрбиесі таразы.
Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы директоры Қайрат Абсұлтанов: "Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұсынысы негізінде облыс әкімдігі ғимаратында "Адалдық дүкенін" ашып отырмыз. Адалдық дүкендер жүйесі дамыған озық мемлекеттерде кеңінен қолданылады. Жалпы дүкендер қызметі - қоғамдық сананы өзгертуге, қызметкердің жұмысы мен оның қызметін шыншылдық негізінде қалыптастыруға және жалпы адалдыққа шақыруға бағытталған", - деді.
Бағдат ӘБДІҚАДЫРОВ,
Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы
05 наурыз 2019 ж. 2 372 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031