Сарыарқаға Сыр елінің тартуы
Адамзаттың айға ұшу арманы алғаш рет қазақ жерінде ғана, оның ішінде Сыр елінде іске асты.Әлемдегі барша адам ғарышқа тұңғыш жол ашқан айлақты білмеуі мүмкін емес. Иә, Қазақстан үшін Байқоңыр – бренд. Биыл ғарышқа сапардың қазақ жерінен басталғанын білдіретін керемет кешен Астана жерінде бой көтерді.
Бұл жыл егемендіктің айғағындай болып бой түзеген, тәуелсіз елдің төрі, тірегі – Астананың 20 жылдық мерейтойымен есте қалғаны анық. Ерекше айта кету керек, халқымыздың аты дүние жүзіне танылып, абыройының артуы қастерлі тәуелсіздік пен ару Астанамен байланысты. Биыл Есіл бойындағы елорданың тарихи тойы тұтас ел бойынша атап өтіліп, Астананың 20 жылдығына орай Қызылорда облысы айрықша тарту жасады. Сыр елі Сарыарқа жерінде зымыран – ғарыштық техникасы музейінің ашық экспозициясы құрылысын салып, шаһар тұрғындары мен қонақтарына ғарыш аппараттарымен танысуға үлкен мүмкіндік жасады. Астана күніне орай өткен жаңа музейдің таныстырылымына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Таныстырылым барысында Президент жуырда өзіміздің жерсеріктерімізді құрастыруға кірісетініміз туралы айтқан болатын.
– Бізде зымыран ұшыратын құрылғы бар, 2022 жылға қарай «Зенит» зымыраны дайын болады. Осылайша, ғарыш өнеркәсібіміз жаңа технологиялық деңгейге көтеріліп, Қазақстан толыққанды ғарыш державасына айналатын болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ашық аспан астындағы музейдегі танымал макеттердің өзі де, жасалу, қолдану тарихы да тұрғындар үшін қызық. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық ғарыш орталығының аумағында орналасқан музейге дәл өлшемде жасалған «Союз», «Протон», «Зенит» зымыран-тасығыштары орнатылған. Ал, техникалық сипаттамасы, пайдалану тарихы туралы ақпарат аламын деушілер үшін арнайы ақпараттық стендтер тұрғызылыпты. Біз де әлемге әйгілі зымыран-тасығыштар туралы айтып өтсек.
«Союз» – «Королевтің жетілігі» деп аталып кеткен Р-7 жинақтамасының ең танымал зымыраны. Ал, «Протон» – автоматты ғарыш аппараттарын Жер шарының орбитасына, әрі қарай ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған біржолғы зымыран-тасығыш. «Протон» зымыран тасығышы арқылы «Глонасс» жерсеріктік жүйе кеңейтіліп, «Экспресс» сериялы жерсеріктер ұшырылады екен.
«Зенит» – толығымен автоматтандырылған және ұшырылым құралында персоналдың болуын қажет етпейтін алғашқы әрі жалғыз әмбебап кешен. Алғашқы ұшырылымы 1985 жылдың 13 сәуірінде жүзеге асырылыпты. Тіпті бұл зымыранды 80-90 жылдары «21 ғасырдың ракетасы» деп те атаған. Ал «Боран» – «Энергия-Боран» бағдарламасының аясында жасап шығарылған орбитальді ғарыш кемесі. Ақпарат көздеріне қарасақ, «Энергия-Боран» халықаралық ғарыш станциясын жасау кеңес дәуіріндегі ең ауқымды бағдарлама болыпты.
Түпсіз, тұңғиық көрінетін көк аспанды жарып өтіп, аспан әлеміне самғайтын зымырандар туралы мың естігеннен, музей ішінде тамашалаудың алабөтен эйфориясы, алаңның өзгеше аурасы болатыны айқын. «Байқоңырдай» ғарыш айлағы бар ел астанасында мұндай үлкен музейдің ашылуы астраномияға қызығатын жас ғалымдар тұрмақ, қарапайым тұрғындар үшін де пайдалы. Айтпақшы, Астана күніне орай басқа аймақтар да сый-тарту жасағанын айту керек. Айталық, бірқатар облыстардың атсалысуымен ұзақ қашықтықты қамтитын велосипед жолағын, Батыс Қазақстан «Ақжайық» саябағын, Атырау облысы Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салып берді. Соның ішінде Сыр елінің Елордаға жасаған тарихи тартуы үлкен орын алатыны анық.