Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жасыл" технологияны енгізу жөніндегі 12 меморандумға қол қойылды

"Жасыл" технологияны енгізу жөніндегі 12 меморандумға қол қойылды

Қызылордада өткен «Baikonyr Invest» Х Халықаралық инвестициялық форумы аясында Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Қожахмет Ілиясов пен Қазақстандағы қытайлық кәсіпкерлер одағының Бас хатшысы Ху Хайсинь Өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Аталмыш құжатта қос тарап Қызылорда облысының кәсіпкерлік секторы мен Қазақстандағы қытайлық кәсіпкерлер арасындағы мүдделердің кеңейтілген диалогы арқылы экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған сауданы дамыту мен Қызылорда облысына инвестиция тартуға ықпал етуге уағдаласты.

Алдағы уақытта Кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстандағы қытайлық кәсіпкерлер одағы Қызылорда облысын дамыту үшін инвестициялық жобаларды іске асыруда ынтымақтастықты нығайтуды, Қызылорда облысының аумағында жұмыс жасайтын қытайлық кәсіпорындардың тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алуларында қазақстандық қамту үлесін ұлғайтуды, сондай-ақ аталмыш қытайлық кәсіпорындар тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған міндеттемелердің орындалуына ықпал жасауды, мұнан өзге де әріптестік шараларды бірге жүзеге асыруды көздеуде.

Айта кету керек, 3-4 желтоқсанда Қызылордада «жасыл» экономиканы дамытуға арналған «Baikonyr Invest» Х инвестициялық форумы өтті.

Форум аясында пленарлық отырыс пен «жасыл» экономиканың жеті негізгі бағытын қамтитын 4 секцияның жұмысы ұйымдастырылды: «Жаңартылатын энергия көздері» бойынша жобаларды енгізу мәселелері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру», «Цифрландыру. Smart city», агроөнеркәсіп кешеніндегі «Жасыл технологиялар», су және жер ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру», «Жасыл экономиканы дамытуда мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін қолданудың жаңа мүмкіндіктері», сондай-ақ іскерлік кездесулер болды.

Форум аясында жаңартылатын энергия көздері, инвестициялық жобаларды дамыту және «жасыл технологияларды» енгізу саласындағы ынтымақтастық туралы 12 меморандумға және керамика зауытын салу туралы келісімге қол қойылды.
05 желтоқсан 2018 ж. 1 062 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930