Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2019 жылдың 1 қаңтарынан газдың көтерме бағасы арзандайды - Бозымбаев

2019 жылдың 1 қаңтарынан газдың көтерме бағасы арзандайды - Бозымбаев

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарлық газдың көтерме бағасы арзандайды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Энергия өндірушілердің тарифтерін төмендету мақсатында Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, тауарлық газдың көтерме шекті бағасын төмендету бойынша бұйрық жобасы әзірленді. Біздің есебімізше, көтерме баға төмендесе, 2019 жылдың қаңтарынан бастап өңірлерге байланысты газ пайдаланатын электр стансалары үшін тауарлық газдың түпкілікті бағасы 12 пайыздан 22 пайызға арзандайтын болады», - деді министр.

Осы ретте Қанат Бозымбаев тұрғындарға жылу мен электр энергиясын өндіретін отын-энергетикалық кешен үшін тауарлық газдың бөлшек сауда бағасы деңгейін растауды Ұлттық экономика министрлігінен күтіп отырғандықтарын айтты.

«Газдың көтерме бағасын министрліктің төмендетуі негізінде Табиғи монополияларды реттеу комитеті тиісті бұйрықтарды қабылдап, электр стансалары үшін газ бағасын түсіруі тиіс. Электр энергиясы мен тауарлық газ бағалары электр стансалары үшін төмендейді. Бұл шара министрліктің тиісті бұйырығын бекіту арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, айта кету керек, аталған бұйрық 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін болады», - деді ол.
26 қараша 2018 ж. 1 363 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930