Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызметте қырағы қадағалаушы орган

Қызметте қырағы қадағалаушы орган

Бүгінгі күні Ата заң арқылы мемлекеттік билік органдары жүйесінде жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын орган прокуратура екенін білмейтін жан кемде-кем. Еске түсіру үшін айта кетейік, 1991 жылдың 6-шы желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Кенесінің «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, оның дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қаулысына сәкес Қазақ КСР-ның Бас Прокурорына бағынатын бірыңғай прокуратура органдарының жүйесі құрылды. Келер жылдың 17 қаңтарында Қазақстан ­Республикасы Жоғары Кеңесінің Қаулысымен «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Заң күшіне еніп, соған сәйкес прокуратура Жоғарғы Кеңеске есеп беретін, заңдардың орындалуына қадағалауды жүргізетін орган ретінде таныла бастады.
Қара қылды қақ жарған бақылаушы орган қызметкерлері үшін 1995 жылдың 30 тамызы ерекше маңызды күн саналады. Неге десеңіз, осы күні прокуратура республикалық референдумда қабылданған Коституцияда көрініс тауып, жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын орган ретінде бекітілді. Ал Қазалы аудандық прокуратурасының тарихы 1938 жылы, Қызылорда облысы дербес құрылғаннан кейін бастау алады. Сол уақыттан бері 19 азамат аудан прокуроры ретінде қызмет атқарып, аймақтағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға айрықша үлес қосты. Саланың жергілікті жерде салмақты абыройға ие болуына К.Жанасов, Г.Баймұратов, Б.Қанатбаев, Жанасов, Д.Елемесов, А.Кенжеқараев, И.Пірімжанов, А.Байбазаров, А.Өтегенов, А.Смағұлов, А.Мұзатов, Е.Жалғасбаев, Б.Бұйраев, Н.Мақұлбеков, А.Айбосынов, М.Ибрашев, Д.Құндызбаев және Ғ.Едігеев есімді прокурорлардың еткен еңбегі аз емес. Асқан әділдік пен Ата заңды аласартпау жолында 2017 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін аудан прокуроры қызметін Мырзабаев Бақытжан Әбдіжаппарұлы абыройлы атқарып келеді.
Қазалы аудандық прокуратурасында қазіргі таңда 5 жедел қызметкер және 7 жұмысшы жұмыс істейді. Ұйымшыл ұжымның жүйелі жұмысының арқасында өткен жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы бекіткен «Жылдың үздік прокуратурасы» конкурсын қорытындылау жөніндегі Комиссияның шешімі негізінде Қазалы ауданының прокуратурасы республика бойынша 2009 жылы «Үздік аудандық прокуратура» номинациясына ие болды. Бұдан кейін де жергілікті прокуратура облыс бойынша бірнеше мәрте «Үздік прокуратура» атағын жеңіп, спорттық жарыстарда ұдайы жүлделі орындарды иеленіп келеді.
Аудандық прокуратураның бүгінгі құрамы да талап деңгейінен шығып, қызметтік міндеттерін орындаудағы жетістіктері үшін Бас прокуратура және облыс прокуратурасы басшылығымен бірнеше рет марапатталған. Себебі қазалылық покуратура қызметкерлері жергілікті құқық бұзушылықтардың жолын кесу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің мүддесін мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етуде толағай табыстарға жетіп келеді.
Мәселен, биыл желтоқсан айына дейін профилактикалық жұмыстар нәтижесінде ауданда тіркелген қылмыстар саны өткен жылмен салыстырғанда 40 процентке төмендеді. Дәл осындай оң өзгеріс ауданда соңғы 5 жыл қатарынан анық байқалған. Бұдан бөлек сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында жүргізілген пәрменді қадағалудың нәтижесінде қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы да едәуір азайған. Бүгінге дейін 1 973 азаматтың конституциялық құқықтары Заң шеңберінде қорғалды. Ал прокурордың талабы негізінде 75 миллион теңге мемлекет бюджетіне өндірілді.
Қазалы аудандық прокуратурасы аймақтағы Ата заңның үстемдігін, азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын және құқық бұзушылықпен күресті қадағалауды бұдан кейін де жоғарғы дәрежеде іске асырудан аянып қалмайды.

Дінмұхамед ЖҰБАНАЗАР,
Қазалы аудандық
прокуратурасының прокуроры
04 желтоқсан 2021 ж. 747 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031