Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » NEET санатындағы жастарды әлеуметтік қолдау жұмыстары талқыланды

NEET санатындағы жастарды әлеуметтік қолдау жұмыстары талқыланды


Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен NEET санатындағы жастар мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімі Алмасбек Есмаханов селекторлық режим арқылы қатысты.
Мәжілістен кейін аудан басшысы арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес нақты міндеттер жүктеді.
Жиында аудан басшысы жастарды жұмыспен қамту, кәсіптік білім алуға тарту және қоғам өміріне белсенді араластыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды.
«Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінің мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда ауданда NEET санатындағы жастардың жалпы саны 80-ді құрайды. Оның ішінде 57-сі Әйтеке би кентінде, 3-еуі Қазалы қаласында, қалғандары ауылдық округтерде тіркелген. Сонымен қатар 11 жастың тұрғылықты мекенжайы ақпараттық жүйеде қате көрсетілген.
Аудан әкімі жауапты сала басшыларына ақпараттық жүйедегі мәліметтерді толық өзектендіріп, әрбір жастың әлеуметтік жағдайын, еңбекпен қамтылу деңгейін және кәсіби қызығушылығын жеке зерделеуді тапсырды. Сондай-ақ, NEET санатындағы жастарды бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатыстыру, тұрақты жұмыс орындарына орналастыру, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына бағыттау және кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жастарға мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндіру қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік, жыл басынан бері ауданда 10 мәрте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, нәтижесінде 305 азамат жұмыспен қамтылған.
Жиын қорытындысымен кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне NEET санатындағы жастарды мекенжайлары бойынша аралап, әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізу, олардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Аудан басшысы тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын айтып, жастарды қолдау бағытындағы жұмыстарды формалды есеппен шектемей, нақты нәтижеге бағыттауды міндеттеді. Показать меньшеды 
09 қараша 2026 ж. 73 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30