Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Заң мен тәртіп»: құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді

«Заң мен тәртіп»: құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысынан кейін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев арнайы жиын өткізіп, өңірдегі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Аймақ басшысының төрағалығымен өткен жиынға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов селекторлық режим арқылы қатысты.
Аудан әкімі «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде жауапты сала басшыларына бірқатар нақты міндеттер жүктеді.
Атап айтқанда, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мәселелеріне басымдық берілді.
Ауданда түнгі рейдтер мен түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілгенімен, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүруінің 52 дерегі анықталған. Осыған байланысты полиция бөлімі мен тиісті мекемелерге профилактикалық шараларды күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселесі қаралды. Есепті кезеңде ауданда интернет-алаяқтықтың 9 дерегі тіркелген. Осы ретте тұрғындардың, әсіресе егде жастағы азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, алаяқтықтың кең таралған тәсілдері туралы ақпараттандыру жұмыстарын жандандыру міндеттелді.
Жиын қорытындысында аудан әкімі «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру барлық мемлекеттік органдардың ортақ міндеті екенін атап өтті. Әрбір басшы өзіне жүктелген бағыт бойынша нақты нәтижеге қол жеткізіп, атқарылған жұмыстардың тиімділігіне жауапты болуы тиіс екенін жеткізді.
28 қазан 2026 ж. 52 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031