Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжілісте цифрландыру, жылу беру, ветеринария және абаттандыру мәселелері талқыланды

Мәжілісте цифрландыру, жылу беру, ветеринария және абаттандыру мәселелері талқыланды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте жылу беру маусымы мен «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын іске асыру мәселесі қаралды. Мәжіліске аудан әкімі Алмасбек Есмаханов селекторлық режим арқылы қатысты. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістен кейін аудан әкімі аймақ басшысының тапсырмаларына сәйкес аудан бойынша атқарылатын жұмыстарды саралап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Мәжілісті бастамас бұрын аудан басшысы орын алған кадрлық өзгерістерге тоқталып, 4 қазанда өткен Аранды және Құмжиек ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындысымен таныстырды. Сайлау нәтижесінде Аранды ауылдық округінің әкімі болып Томаев Әбілғазы Аймағанбетұлы, ал Құмжиек ауылдық округінің әкімі болып Нағашыбаев Мұратбек Тұңғышбайұлы сайланғанын атап өтті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын іске асыру бойынша жауапты сала басшыларына цифрлық мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру, қағаз түріндегі қызметтерді азайту және тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды.
Жиында каналдарды бетондау жұмыстары мен әлеуметтік осал топтарға арналып салынып жатқан тұрғын үйлер туралы мәселелер де қаралды. Су шаруашылығы бойынша «Климаттық орнықты су ресурстарын дамыту 2-кезеңі» жобасы аясында аудан бойынша жалпы ұзындығы 113,7 шақырымды құрайтын 14 каналды бетондау жобасы қаржыландырылуға ұсынылған. Аудан әкімі аталған жобалардың қаржыландырылуын бақылауға алуды сондай-ақ аудандағы әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлердің құрылысын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау жөнінде жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.
Жиында алдағы 2026-2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы да қаралды. Ауданға тамыз-қазан айларында 3 300 тонна көмір жеткізу жоспарланса, қазіргі таңда 1 932 тоннасы жеткізілген. Осыған байланысты жауаптыларға қатты отын қорын толықтыру және көмір жеткізуді жеделдету тапсырылды. Бұдан бөлек, Басықара ауылындағы №182 мектептің қазандығын газ отынына бейімдеу жұмыстарын аяқтау, биыл табиғи газға қосылатын елді мекендердегі әлеуметтік нысандарды жылыту маусымына дайындау міндеттелді.
Мәжілісте ветеринария саласындағы мәселелер де талқыланды. Ауданда биыл үй жануарларынан 103 адамның жарақат алу жағдайы тіркелген. Осыған байланысты қаңғыбас жануарларды аулау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейту тапсырылды. Сондай-ақ аудан бойынша 14 типтік мал қорымын салу, қолданыстағы мал қорымдары мен мал тоғыту ванналарын ретке келтіру, санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиын соңында аудан басшысы елді мекендердің санитарлық тазалығы мен абаттандырылуы, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласындағы түнгі жарықтандыру жүйесінің жағдайын сынға алып, анықталған кемшіліктерді 3 күн мерзімде жоюды тапсырды.
06 қазан 2026 ж. 27 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031