Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов кезектілікке сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Қабылдауға келген 15 азамат аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.
Тұрғындардың басым көпшілігі тұрғын үй кезегі мен тұрақты жұмысқа орналасу мәселесін көтерді. Сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйге газ кіргізу, жөндеу жұмыстарын жүргізу, жер мәселесіне қатысты өтініштерін жеткізген тұрғындарда болды.
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, түсініктеме берді. Сондай-ақ, көтерілген мәселелерді зерттеп, заңдылыққа сәйкес шешу жолдарын қарастыру жөнінде жауапты сала басшыларына нақты тапсырма жүктеді. Ал, бірқатар көшелерге жасалып жатқан жол жөндеу жұмыстарының сапасына байланысты аудан басшысы сол аймақтарға өзі барып көретіндігін және соған сәйкес жұмыс жасалатындығын жеткізді.
©Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
12 қазан 2025 ж. 46 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031