Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Ұмай“ ипотекасы қашан іске қосылады?

“Ұмай“ ипотекасы қашан іске қосылады?

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда "Ұмай" әйелдер ипотекасы тамыздың аяғына дейін іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Биыл "Ұмай" әйелдер ипотекасы тамыздың соңғы күндеріне дейін іске қосылады", - деді Ләззат Ибрагимова.
Оның айтуынша, банк бағдарламаны жүзеге асыру үшін Азия даму банкі (АДБ) ұсынатын қаражаттың құнын айқындап қойған.
Бұл ипотека баспана алғысы келетін әйелдерге арналған. Негізгі шарттардың бірі - қолданыстағы тұрғын үй депозиті болуы және оның жинақтау мерзімі.

"Ұмай" әйелдер ипотекасы бойынша мынадай пәтерлерді сатып алуға болады:

  • бастапқы нарықтан;
  • тұрғын үй компаниясының кепілдігімен немесе сақтандыру құралын пайдаланып, үлестік қатысу шарты бойынша құрылыс сатысындағы үйлерден;
  • үй 2016 жылдан ерте салынбаған болса, қайталама нарықтан.

Әйелдер ипотекасының шарттары:

  • Алғашқы жарна ірі қалаларда 20 пайыздан, өңірлерде 15 пайыздан басталады.
  • Қарыздың ең жоғары сомасы 50 миллион теңгеге дейін.
  • Несие мерзімі 6 айдан 10 жылға дейін.
  • Алғашқы жарна үшін зейнетақы жинағын пайдалануға;
  • Екі ортақ қарыз алушыға дейін тартуға болады.

11 тамыз 2026 ж. 31 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31