Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астана мен Алматыны жылы күндер күтіп тұр

Астана мен Алматыны жылы күндер күтіп тұр

Сурет:depositphotos.com
"Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған Астана мен Алматы қалаларының ауа райы болжамын ұсынды. 15, 16 және 17 қыркүйекте мегаполистерде ауа райы қандай болатыны Tengrinews.kz материалында.
Болжамға сәйкес, алдағы күндері Астана мен Алматыда күн едәуір жылынады: елордада ауа температурасы +25 градусқа дейін, ал Алматыда +30 градусқа дейін көтеріледі.

Астанадағы ауа райы
15 қыркүйек күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +18...+20 градус жылы.
16 қыркүйекте күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 5-10 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +6...+8 градус, күндіз +20...+22 градус жылы.
17 қыркүйекте күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +6...+8 градус, күндіз +23...+25 градус жылы.

Алматыдағы ауа райы
15 қыркүйек күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +28...+30 градус жылы.
16 қыркүйекте күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16 градус, күндіз +27...+29 градус жылы.
17 қыркүйекте күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +25...+27 градус жылы.

Қазақстанда жаңбыр жауып, күн жылынады
Бұған дейін синоптиктер жақын күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған еді. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейсе, ал кей жерлерде ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды. Толығырақ осы жерден оқыңыз.
14 қыркүйек 2026 ж. 16 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930