Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жел мен қар аралас жаңбыр": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды

"Жел мен қар аралас жаңбыр": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Фото: freepik.com
"Қазгидромет" еліміз бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдағы күндері Атлантикадан келген циклон Қазақстанның батысына қарай ығысады. Соның әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді. Әсіресе елдің батыс аймақтарында күн суытады.
Ал солтүстікте, орталықта және шығыста осы күндері жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек 30 қазан күні күндіз жаңбыр солтүстік өңірлерге де жетеді. Оңтүстікте жаңбыр жауады, ал таулы аймақтарда түнде қар аралас жаңбыр болады.
Түнгі және таңертеңгі уақытта ел аумағында тұман түсуі мүмкін.
Күндізгі ауа температурасы көтеріледі:
– Солтүстікте: +10…+15°C;
– Орталық пен шығыста: +10…+18°C;
– Оңтүстікте: +20…+28°C;
Ал батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде температура +9, +17°C шамасында болады.
27 қазан 2025 ж. 515 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930