Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мопедтерге де салық енгізу жоспарлануда

Қазақстанда мопедтерге де салық енгізу жоспарлануда

Фото: pixabay.com
Мемлекеттік кірістер департаментінің жеке тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің басшысы Әсет Есенжигитов Қазақстанда мопедтерге салық енгізу жоспарланып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kolesa.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл көлік түрі қазіргі уақытта салықтан босатылған. Егер техникалық паспортында "мопед" деп көрсетілген көлік иелеріне салық төлеу туралы хабарлама келсе, олар оны жоюды талап ете алады.
Алайда Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің жеке тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің басшысы Әсет Есенжігітовтың айтуынша, бұл жеңілдікті қайта қарау қажет.
"Біз салық кодексін қайта қарап, мопедтер үшін де салық мөлшерлемесін енгізу керек деп санаймыз. Біздің ойымызша, оларға салық төлеу әділетті болады. Өйткені мопедтер де жол қозғалысына қатысушылар. Қазіргі уақытта бұл мәселені Мемлекеттік кірістер комитетімен бірге қарастырып жатырмыз", – деді Есенжігітов.
Ол салық есептелуіне қатысты шағымдардың көбіне "мопед емес" көлік иелерінен түсетінін атап өтті. Мысалы, техникалық паспортта А1 санаты көрсетілгенімен, "мопед" деген белгі болмайды. Ал қуаты 45 кВт деп көрсетілген, яғни көлік 80 км/сағ дейін жылдамдық ала алады. Бұл салық салуға жататын санатқа кіреді.
14 мамыр 2026 ж. 232 0

Қазақтың келіндері

25 тамыз 2026 ж. 85

Алданазар бидің шешімі

25 тамыз 2026 ж. 80

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31