Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа райы: Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы: Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы: Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияландыФото: istockphoto.com
12 сәуірде Қазақстанда тұман, жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі және жекелеген өңірлерде жоғары өрт қаупі болжанып отыр. Дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Синоптиктердің болжамынша, Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Алматыда Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Павлодар облысында түнде батыс пен оңтүстікте тұман болады. Күндіз осы аудандарда батыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Ақмола облысында күндіз батыс пен солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыс, батыс желінің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Алматы облысында күндіз таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Сонымен қатар облыстың солтүстігі, батысы, шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында күндіз таулы аудандарда аздаған жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетіп, кей сәтте 25 метрге дейін күшеюі мүмкін. 12–15 сәуір аралығында облыстың солтүстігі, оңтүстігі және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында солтүстік пен шығыста жаңбыр және найзағай, ал оңтүстікте найзағаймен бірге аздаған жаңбыр күтіледі. Облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман болжанған. Оңтүстік, оңтүстік-батыс желі, облыстың шығысында екпіні секундына 15–18 метрге дейін жетеді.
Ақтөбе облысында күндіз солтүстік, шығыс және орталық аудандарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстікте және таулы аймақтарда тұман болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталып, оңтүстік-шығысында күтіледі.
Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыс желінің екпіні секундына 15–20 метрге, күндіз кей уақытта 23 метрге дейін жетеді.
Қарағанды облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде тұман болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік және орталық бөліктерде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында жаңбыр және найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен орталығында тұман болжанған. Солтүстік-батыстан соққан жел, облыстың солтүстік-шығысында секундына 15 метрге дейін күшейеді.
Қостанай облысында күндіз батыс, солтүстік және шығыс аудандарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Осы аудандарда тұман түсуі де мүмкін.
Абай облысында түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел, облыстың оңтүстігінде секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында күндіз солтүстік пен шығыста жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
12 сәуір 2026 ж. 117 0

Кене кіші деме...

11 сәуір 2026 ж. 127

СӘУЛЕТ ПЕН САПА

11 сәуір 2026 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930