Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық банктер сайтына калькулятор орнатып, клиенттерге алдын ала хабарлама жіберуге міндеттелмек

Қазақстандық банктер сайтына калькулятор орнатып, клиенттерге алдын ала хабарлама жіберуге міндеттелмек

Фото: freepik.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк қызметтерін көрсету ережелеріне өзгерістер енгізбек. Енді банктер интернет ресурстарына калькулятор орнатып, клиенттерге алдын ала хабарлама жіберуге міндеттеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Ашық НҚА" порталында жарияланған қаулы жобасынасәйкес, банктер қарыз бойынша ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін интернет-ресурсында калькулятор орналастыруға міндеттелмек. Сондай-ақ банктерден төлемдер мен аударымдар бойынша тарифтер көтерілгенге дейін 3 ай бұрын клиенттерді хабардар ету талап етілмек.

Бұған қоса банктердің клиенттердің өтініштерін қарау мерзімдері айқындалады. Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарға және халықтың аз қозғалатын топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігі жөніндегі ұлттық стандарттың талаптарын ескере отырып, банктер мүгедектігі бар адамдарға және халықтың басқа да аз қозғалатын топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін айқындауға тиіс.

"НҚА жобасы қаржылық қолжетімділікті арттыруға, кредиттеу шарттарының ашықтығын күшейтуге, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған", – делінген құжатта.

Қаулы жобасы 21 шілдеге дейін қоғам талқылауына шығарылған.
09 шілде 2025 ж. 386 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 65

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 153

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031