Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Банктер телефонмен сөйлесу кезінде аударымдарды бұғаттайды

Банктер телефонмен сөйлесу кезінде аударымдарды бұғаттайды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ақпараттық қауіпсіздік талаптарын күшейтуге бағытталған жаңа нормативтік түзетулер қабылдады. 
Фото: Pexels
Қаулы қаржы ұйымдарында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен цифрлық тәуекелдерді төмендетуге бағытталған.
— Құжаттың негізгі мақсаты — қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын күшейту, клиенттердің дербес деректерін қорғау деңгейін арттыру және киберқауіптерге жедел ден қою жүйесін жетілдіру, — делінген құжатта.
Қаулы нормаларының бір бөлігі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді. Атап айтқанда, қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздік жедел орталықтары «Qainar» ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйесін пайдалану тәртібі нақтыланады. Сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруге бағытталған редакциялық түзетулер енгізілген.
Қосымша ұйымдастырушылық және техникалық дайындықты қажет ететін нормалар 2025 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Олардың ішінде мынадай негізгі өзгерістер бар:
— банк мобильді қосымшасында бұрын тіркелмеген құрылғы арқылы клиентті қайта аутентификациялау тәртібі нақтыланады;
— микрофон қосылған кезде мобильді банкингті бұғаттау талабы енгізіледі;
— ақпараттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін технологиялық оқиғалар тізбесі кеңейтіледі;
— банк инфрақұрылымы істен шыққан жағдайда уәкілетті органды «Qainar» жүйесіне балама ретінде телефон арқылы хабарлау мүмкіндігі енгізіледі;
— тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес, банк бөлімшелеріндегі ақпараттық қауіпсіздік пен алаяқтыққа қарсы күрес функциялары бөлінеді;
— банктердің ақпараттық қауіпсіздік жүйесіне сыртқы тексеру кемінде үш жылда бір рет жүргізіледі.
— Жаңа талаптар қаржы ұйымдарының цифрлық тұрақтылығын арттырып, ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға серпін береді, — делінген Агенттік хабарламасында.
Бұған дейін банктер несие алдырту үшін халыққа телефон шалуды доғармай жатқанын жазғанбыз. 
Еске салсақ, бүгін Мәжіліс банк қызметі туралы заң жобасын мақұлдады. 

05 қараша 2025 ж. 138 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930