Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжілісте жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды

Мәжілісте жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте жол және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Оған аудан әкімі Алмасбек Есмаханов селекторлық режим арқылы қатысты.
Жиында аудан әкімі аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес күн тәртібінде көтерілген мәселелерге байланысты жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Мәжілісте ең алдымен аудан аумағындағы автомобиль жолдары мен көшелердің жай-күйі, жол белгілерінің сапасы, жаяу жүргіншілер өткелдері, жасанды жол кедергілері, мектептер мен балабақшалар маңындағы қауіпсіздік шаралары кеңінен талқыланды.
Әсіресе, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы арасындағы төрт жолақты автомобиль жолындағы қауіпсіздік мәселесіне назар аударылды. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қараусыз жүрген малдарға қатысты бақылауды күшейту, оқушыларды тасымалдайтын автобустардың талапқа сәйкестігін тексеру және мектептер маңында полиция қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастыру бойынша жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді.
Аудан әкімі жол қауіпсіздігіне қатысты жұмыстарды формалды түрде емес, нақты нәтижеге бағыттап жүргізуді тапсырды. Елді мекендердегі жол белгілерін жаңарту, авариялық қауіпті учаскелерге бақылауды күшейту және тұрғындар арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажеттігін атап өтті.
Бұдан бөлек, мәжілісте ауданның 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы макроэкономикалық көрсеткіштері мен бюджетінің орындалуы қаралды. Негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика сақталған. Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі – 126,6 пайызға, өңдеу өнеркәсібі көлемі – 129,5 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 103,4 пайызға, бөлшек сауда айналымы – 101,0 пайызға, 100,2 пайызға, құрылыс жұмыстары көлемі – 111,0 пайызға және аайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 101,6 пайызға орындалған. Аудан әкімі даму қарқынын төмендетпей, жыл соңына дейін жоспарлы көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысы сараланды. Елді мекендердегі анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою және атқарылған жұмыстар бойынша фотоесеп ұсыну міндеттелді.
Аудан әкімі жауапты сала басшылары мен елді мекен әкімдеріне берілген тапсырмалардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
23 қыркүйек 2026 ж. 15 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930