Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алмасбек Есмаханов: Жылды жоғары көрсеткіштермен қорытындылауымыз керек

Алмасбек Есмаханов: Жылды жоғары көрсеткіштермен қорытындылауымыз керек

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен мәжілісте 2025 жылғы қаңтар-қараша айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды. Аудан басшысы тиісті сала басшыларымен бірге күн тәртібіндегі мәселелерді кеңінен талқылап, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Биыл 11 айдың қорытындысымен ауданда негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасып, экономикалық өсім қамтамасыз етілді. Өнеркәсіп өнімінің көлемі – 114,1 пайызға, өңдеуші өнеркәсіп көлемі – 114,4, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 103,6, бөлшек сауда айналымы – 101,1, инвестициялар тарту – 109,2, құрылыс жұмыстары көлемі – 127,3 және пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 110,5 пайызды құрады.
Жиында аудан әкімі кейбір көрсеткіштерді әлде де көтеру бағытында жұмыстарды күшейту, жыл қорытындысымен барлық экономикалық көрсеткіштердің қарқынды өсім динамикасын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдау және жылды бұдан да жоғары көрсеткіштермен қорытындылау жөнінде жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.
Мәжілісте су тасқынының алдын алу және Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттерінің жай-күйі мәселесіде қаралды. Бұл бойынша тиісті сала басшыларына бөгеттердің қауіпсіздігін тағы бір пысықтап, қауіпті аумақтарды жіті бақылауда ұстауды және алдын алу шараларын уақытылы ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында төтенше жағдайлар бөлімімен тығыз жұмыс жүргізу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ алдағы уақытта аудан аумағындағы Сырдария өзенінің бойындағы қауіпті иіндерді аралап көретінін жеткізді.
Жиында күзгі мерзімді әскерге шақыруды сапалы ұйымдастыру мен аудан орталығы мен елді мекендердің тазалық жұмыстары бойынша да кемшіліктерді сынға алып, 1 апта мерзім ішінде аталған кемшіліктерді қайта қалпына келтіру бойынша жауаптыларға жүйелі жұмыс жасауды тапсырды.
18 желтоқсан 2025 ж. 127 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031