Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Қазалыда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Бүгін Әйтеке би кентінде орналасқан «Ali-Nur» сауда үйінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Аталған жәрмеңке тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді бағадағы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Шараға аудан аумағындағы жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, өз өнімдерін тұрғындар назарына ұсынды.
Жәрмеңке барысында жалпы көлемі 11 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері сатылымға шығарылды. Оның ішінде 4 тонна ет өнімдері және 7 тонна картоп пен көкөніс өнімдері ұсынылды. Барлық өнімдер нарықтағы бағадан төмен бағамен сатылып, тұрғындар тарапынан үлкен сұранысқа ие болды.
Мұндай жәрмеңкелер халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге және жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға бағытталған.
18 қаңтар 2026 ж. 256 0

Тиімді кәсіп көздері

13 маусым 2026 ж. 43

Батагөйлер байқауы өтті

13 маусым 2026 ж. 41

Ел тілегі ескерусіз емес

13 маусым 2026 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930