Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Абай - дара қазақта" атты поэзиялық кеш өтті

"Абай - дара қазақта" атты поэзиялық кеш өтті

6 тамыз күні мәдени демалыс кешенінде Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абай – дара қазақта» атты аудандық поэзиялық кеші өткізілді.

Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығын дәріптеу мақсатында өткізілген шара аудан орталығындағы мәдени демалыс кешенінде көк шалғынның үстінде, Абай өлеңдерін жанына жақын тұтар оқырмандардың арасында өткізілді. Шара аудандық мәдениет орталығы жанындағы халықтық театры өнерпаздарының «Абай мен Тоғжан» атты прологімен ашылады.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Д.Тлеумбетов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Фестивальге қатысушы талапкерлер Абай өлеңдерінен «Қалың елім,қазағым, қайран жұртым», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» т. б өлеңдерін оқыды.

Ұлы ақын шығармашылығына арналған шарада ақын Ғалия Орынбасарова Абай шығармаларын жырлады және аудан өнерпаздары өнерлерін ұсынылды.
06 тамыз 2025 ж. 169 0

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 40

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930