Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу – қоғамның ортақ міндеті

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу – қоғамның ортақ міндеті

Отбасы – қоғамның негізі, ал отбасындағы сыйластық пен өзара түсіністік – берекелі өмірдің басты кепілі. Дегенмен, өкінішке қарай, бүгінгі таңда отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында орын алатын құқық бұзушылықтар қоғамда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар көбінесе ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе ортақ тұрмысы бар адамдар арасында туындайды. Мұндай жағдайларға тұрмыстық жанжал, қорлау, балағаттау, күш қолдану, психологиялық қысым көрсету және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жатады.
Көп жағдайда отбасындағы жанжал күнделікті тұрмыстық мәселелерден, өзара түсініспеушіліктен, қызбалыққа салынудан немесе тараптардың бір-біріне құрметпен қарамауынан туындайды. Алайда қандай жағдай болмасын, отбасылық келіспеушіліктерді құқық бұзушылық жасау арқылы шешуге жол берілмеуі тиіс.
Қазақстан Республикасының заңнамасында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық көзделген. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық белгіленген.
Аталған бап бойынша отбасы мүшелеріне қатысты былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй заттарын бүлдіру және тыныштықты бұзатын өзге де әрекеттер заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.
Мұндай құқық бұзушылықтар бойынша сот істің мән-жайларын, құқық бұзушының әрекетін, жәбірленушінің түсініктемесін және ұсынылған дәлелдемелерді жан-жақты зерттеп, заң талаптарына сәйкес шешім қабылдайды.
Сонымен қатар, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтардың алдын алуда татуластыру рәсімдерінің де маңызы зор. Заңда көзделген жағдайларда тараптардың татуласуы құқық бұзушылық туралы істі тоқтатуға негіз болуы мүмкін. Дегенмен, татуласу рәсімі құқық бұзушылықтың қайталануына жол бермеу және тараптардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін жоққа шығармайды.
Әсіресе, бұрын осындай құқық бұзушылық жасаған адамның қайтадан заң бұзуы қоғам үшін алаңдатарлық жағдай. Бұл отбасындағы жанжалдарды дер кезінде шешудің, құқықтық сауаттылықты арттырудың және әрбір адамның өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауының маңыздылығын көрсетеді.
Отбасындағы зорлық-зомбылық пен құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу тек құқық қорғау органдары мен соттың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір азамат отбасындағы өзара сыйластықты сақтап, келіспеушіліктерді сабырлықпен және заң шеңберінде шешуге ұмтылуы қажет.
Қорыта айтқанда, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу – отбасының тұрақтылығын, қоғамның тыныштығын және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды шарты.
Асхат ЫСҚАҚ,
Қазалы аудандық сотының жетекші маманы
29 қыркүйек 2026 ж. 48 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930