Халқым болып оянып күн кешемін
24 қыркүйек күні Қазалы қаласында көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариевтың 80 жылдығына орай «Халқым болып оянып күн кешемін» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өтті.Мүшәйраға Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Арал және Қазалы аудандарынан 13–17 жас аралығындағы жас ақындар қатысып, өз шығармаларын ортаға салды.
Шара барысында Қазалы қалалық кітапханасы ақын шығармашылығына арналған «Сөзбен саздың сардары» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Сонымен қатар Шөмішбай Сариевтың сөзіне жазылған Кеңес Дүйсекеевтің «Өкінбек сен» әні орындалды.
Мүшәйра қорытындысы бойынша:
Бас жүлде — Оразхан Шапағат (Жаңақорған ауданы);
І орын — Қасым Балнұр Қайратқызы (Қазалы ауданы, Лақалы ауылы);
ІІ орын — Тұрғанбай Кәусар Сәбитқызы (Шиелі ауданы);
ІІІ орын — Әбілғазиев Абылай (Арал ауданы);
ІІІ орын — Байболат Тоғжан Ермекқызы (Жалағаш ауданы, Есет батыр ауылы).
Байқаудың негізгі мақсаты — Шөмішбай Сариевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, ақын мұрасын жас ұрпаққа таныту және жас қаламгерлердің шығармашылық қабілетін қолдау.













