Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия филиалы жанындағы әйелдер қанатының алғашқы отырысы өтті

Партия филиалы жанындағы әйелдер қанатының алғашқы отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясының Қазалы аудандық филиалы жанынан Әйелдер қанаты құрылып, оның алғашқы отырысы өтті. Отырысты аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, партия филиалының Саяси кеңес мүшесі, Әйелдер қанатының жетекшісі Роза Асанова жүргізді.
Жиын барысында қатысушыларға Әйелдер қанатының негізгі мақсат-міндеттері мен 10 басым бағыттағы жұмыс жоспары таныстырылып, бекітілді. Атап айтқанда, бұл бағыттар әйелдердің саяси көшбасшылығын қолдау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау, ауыл әйелдерінің кәсіпкерлігін дамыту, әйелдер денсаулығын сақтау және отбасылық құндылықтарды насихаттау сияқты өзекті мәселелерді қамтиды.
Сонымен қатар, отырыс барысында аудандық деңгейде атқарылатын жұмыстардың нақты тетіктері талқыланып, бірқатар ұсыныстар айтылды.
«AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанаты – қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыруға, олардың бастамалары мен идеяларын қолдауға бағытталған маңызды алаң болмақ. Алдағы уақытта аудан көлемінде әйелдердің әлеуметтік, саяси және экономикалық белсенділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады.
#AMANAT
06 қараша 2025 ж. 190 0

Күймен көмкерілген кеш

24 қаңтар 2026 ж. 28

Доллар тағы арзандады

23 қаңтар 2026 ж. 187

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031