Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық партия филиалының жаңа төрағасы сайланды

Аудандық партия филиалының жаңа төрағасы сайланды

Бүгін Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының кезектен тыс XXXIX конференциясы өтті.
Іс-шараға арнайы партияның облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов, сондай-ақ партия филиалының Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросы мүшелері, партия ардагерлері мен белсенділері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, БПҰ және «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.

Конференция жұмысын ашқан аудандық филиалдың Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев күн тәртібіндегі бірінші мәселе «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасын сайлау бойынша аудандық мәслихат төрағасы Жарылқап Бақытжан Дүзелбайұлының кандидатурасын ұсынды. Делагаттар тарапынан ұсыныс ашық дауыс беру арқылы қолдау тауып, партия филиалының төрағасы болып Жарылқап Бақытжан Дүзелбайұлы сайланды.

Өз кезегінде сөз алған филиал төрағасы Бақытжан Дүзелбайұлы өзіне жүктелген сенімге зор ризашылығын білдіріп, партияластарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

«Партия филиалының алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер айқындалды. Сіздерді партияның саяси Тұғырнамасы мен Сайлауалды бағдарламасында айқындалған еліміз бен ауданымыздың табысты дамуына бағытталған міндеттерді бірлесе де белсенді атқаруға шақырамын», - деді Бақытжан Жарылқап.

Сонымен бірге жиын барысында партия филиалының Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Талайлы Бөріқұлақов және облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп партияластар атынан құттықтау сөз сөйлеп, филиал төрағасының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, конференция жұмысында қаралған екінші мәселе бойынша партия филиалы Саяси кеңесінің құрамы делегаттардың ашық дауыс беру нәтижесі бойынша жаңартылды. Мұнан соң жиын Саяси кеңестің кеңейтілген отырысымен жалғасып, Саяси кеңесті Бюро құрамынада өзгерістер енгізілді.

Жиын қорытындысы бойынша сөз алған облыстық партия филиалының төрағасы Наурызбай Сейітқалиұлы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған партия жұмысын күшейту мәселелеріне тоқталып, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы жаңа бастамаларға сәттілік тіледі.

#AMANAT
10 қаңтар 2023 ж. 374 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 33

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930