Ауылдың гүлденуі – елдің өркендеуі
Ауыл – руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық құндылығымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы. Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл – бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің қайнар көзі.Құт қонған берекелі елді мекеннің бірі – ауданға қарасты Көларық ауылдық округі. Ауыл келбеті алыстан көз тартады. Атқарылған жұмыс, жүзеге асар жобалары да аз емес.Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап жаңа формациялық қалыпқа өту үдерісі ауылдарға да түбегейлі өзгерістер әкелді. Ес жиып, жоғымызды түгендегеннен кейін, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында төзім мен сабырды серік еттік. Сындарлы сәттерден сүрінбей өткен уақыт аралығында ауданымыздың ауыл-аймақтарындағы ахуал да көптің сенімін сәулелендіріп, үмітін үкіледі. Соңғы жылдағы жетістіктеріміз арқасында түзеле түскенін көзімізбен көріп, құлағымызбен естіп жүрміз.Өткенге сәл шегініс жасап көрейікші. Кеңшарлар тарап, ондағы жүздеген ұжым мүшелерінің ғана емес, бүткіл ауыл-аймақтың тірлігіне тірек болып отырған барлық жиған-терген дүние, «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетті. Айналадағы өндірісі тарап, өрісінің өзі қаңырап қалған кейіпті кім ұмыта қойсын. Автокөлік жолындағы шұрық-тесіктер мен апан шұңқырлардың жолаушы мен жүргізуші атаулының жүйкесін жұқартып, шаршатып біткені де естен кете қоймас. Жарығы да жиі сөніп тұратын ауылдардың түнгі уақыттағы меңіреу тыныштығы тым түнек болатын. Бірі құлыптанып, бірі қысқартылып күн көрген балабақшалар мен клуб атаулының сол көрінісі, күтімсіз қалған мектептердегі жылудың жыры да күні кешегідей есімізде тұр. Қазір ше?
Бүгінде сол ауыл-аймақтардың өңі кіріп, ажары да айшықталып келеді. Түрлі нысан бой көтеріп, кәсіпкерлікпен қанат жаюда. Өрісі малға толып, жаңадан салынған, күрделі жөндеуден кейін қалыпты қызметін жалғастырған мәдениет үйлері мен мектептер, тіпті көше-көшенің әрін кіргізер бильбордтар да ауыл ажарын аша түскені рас. Жергілікті жердегі жетістіктеріміздің бәрі өзіміздің көз алдымызда жүзеге асып жатыр. Болашақта да баянын табар істер болары анық.Қош. Айтпағымыз ауданға қарасты тағы бір ауылдық округ жайында. Мұндағы атқарылған айшықты істерді тізбектеп көрейік.
АУЫЛДЫ ДАМЫТУ – АУҚЫМДЫ МІНДЕТ
Көларық ауылдық округі Аманкелді, Көларық, Жаңаталап, Бірінші май және Kaganovich колхоздары болып ұйымдастырылып, №16 ауыл советке қарады. 1950 жылы жоғарыда аталған бес колхоз бірігіп, «Аманкелді» колхозына іріленді.1964 жылы XXII партсъезд совхозы құрылды. Осы жылдан бастап, совхоз орталығы Қазалы қаласынан Көларыққа көшірілді. 1994 жылы Көларық ауылдық округі Ақтан батыр ауылы болып аталды. Ауылдық округ аудан орталығынан 25 км қашықтықта орналасқан. Құрамына Ақтан батыр елді мекені кіреді. Округке қарасты Ақтан батыр ауылында 342 отбасы бар. Үй саны – 273болса,1488тұрғынөмір сүруде. 2026 жылдың 6 айында ауылдық округ әкімінің атына 4 жеке тұлғадан өтініш түсіп, 10 адам жеке қабылдауда болған. Олардың барлығына тиісті заңдылықтарға сәйкес, жауап беріліпті.
Ауыл әкімі Серік Дәкенұлының айтуынша,биылғы жыл бойынша "Көларық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 123 миллион 907 мың теңге қаржы бөлінген. 6 айлыққа қаралған қаржы 60 миллион 21 мың теңге қаралып, толықтай игеріліп 100 пайызға орындалыпты. Жиналуға тиісті жеке тұлғалардың мүлік салығынан 91042 теңге, жер салығынан 10365 теңге, жеке тұлғалардың көлік салығынан 1 миллион 548 485 теңге, заңды тұлғалардың көлік салығынан 0 теңге түскен. Ауылдық округ бойынша барлығы 81 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Жыл басынан бері жаңадан 7 кәсіпкерлік субъектісі тіркеліпті.
– 2026 жылдың 6 айы бойынша ауылдық округ көлемінде жұмыссыз болып тіркелгендердің саны 17 адамды құрап отыр. Ақылы қоғамдық жұмысқа 10 адам және 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Соңғы мәліметке сәйкес, 3435 бас мүйізді ірі қара, 3319 бас қой, 1792 бас ешкі, 2576 бас жылқы, 158 бас түйе бар. Барлық мал басы бірдейлендіріліп, базаға енгізіліп, сырғаланды.Сонымен қатар, 1307 га күріш, жаңа жоңышқа – 406 га егілді, көне жоңышқа – 463 га күтімге алынды.Ақтан батыр ауылының 5 құдық (сважин) құжаттандырылды. Қазіргі таңда осы құжаттандырылған құдық (скважин) көзін ашып қалпына келтіру жұмыстарына қаржы көздерін қарастыру жұмыстары жүргізілуде. Елді мекенді көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына барлығы 4 миллион 888 мың теңге, оның ішінде 1 миллион 862 мың теңге көркейту көгалдандыру жұмыстарына және 3 миллион 26 мың теңгесі аяқ су жеткізу жұмыстарына, санитарлық тазалыққа 601 мың теңге бөлініп, жеңімпаздар анықталып жұмыстарын атқаруда, – дейді ауыл әкімі.
ЕЛ ИГІЛІГІ ЕСЕЛЕНУДЕ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы2,5 пайыздық несиелерін алу үшін 2 жоба мақұлданып, Руслан Үрістемұлы «Көлік жуу» жобасы бойынша 4 миллион 186 мың теңге қаржысы есеп шотына түсіп, қажетті заттарын алуға жұмыс жасауда.Оңталап Келісбай «Мүйізді ірі қара» өсіру бағытымен алған 7 миллион 600 мың теңге биылғы27 наурызда «Аманат несие» порталына салынып, қаржысы есеп шотына түсіп жұмыс жасалуда.Сонымен қатар, алдағы жоспар бойынша 2,5 пайыздық несие алу мақсатында 3 ауыл тұрғыны, оның ішінде1-еуіне балық тоғаны үшін берілсе, 2-еуі мал азығын дайындамақ.«Ердәулет» АӨК Айтуған Сералиевтің жоба қаржысы – 20 миллон теңге. Спандияр Мамайдіңжоба қаржысы –10 миллон, 800 мың теңге. Асылхан Бисеновтің балық тоғанының жоба қаржысы – 10 миллион, 800 мың теңге көлемінде құжаттары тапсырылып, 3-еуінінде өтінішіне сәйкес жер учаскелерінің аукционға шығарылуын күтуде.
Биылғы жылдың 6 айы бойынша кәсіпкерлікке баулыйтын «Бастау Бизнес» жобасымен 3 адам кәсіпкерлік негізінде оқып, сертификаттарын алды.Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуга, көп балалы отбасылар мен жастарға арналған гранттар, несиелерді алып беруге сүйемелдеу жұмыстары ұдайы жүргізілуде.
ТҮЗУ ТҰРМЫС – ЕҢБЕКТЕН
2025 жылы ауыл көгілдір отынға қосылып, Ақтан батыр елді мекеніндегі орамішілік газ желілерінің құрылысы жүргізілді. Жоба құны – 371,285 миллионр теңге. Қазіргі таңда барлық 17,5 км орта және төмен қысымды газ желілері және 3 дана ГРПШ қондырғысы орнатылып, газ желісіне қосылған. 2025 жылдың 16 шілдесінде пайдалануға қабылданды. Мердігер мекеме – «Строительная компания Орда-Құрылыс» ЖШС.
«Ақтан дәрігерлік амбулаториясына жоба-сметалық құжаты жасалынып, жалпы жоба құны 13,5 миллион теңгеге көгілдір отынмен ғимаратына газ жүргізіліп, 2026 жылдың мамыр айында газдандыру жұмысы толық аяқталған.2025 жылдың қараша айында «Көларық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне өз қаражаты есебінен жоба құны 1,5 миллион теңгеге көгілдір отын кіргізіп пайдалануға берілді.Қазіргі таңда бірінші кезекте ауылға газ кіргізілгеннен кейін мемлекеттік әлеуметтік газдандыру жұмысы бірінші кезекке қойылып отыр. Соған сәйкес, Ақтан батыр ауылдық клубын көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін жоба-сметалық құжаты жасалып, Қазалы аудандық экономика және қаржы бөліміне бюджеттік өтінімі тапсырылған. Жоба құны – 17 миллион 944,5 мың теңге.
Сонымен қатар, Абай Құнанбаев көшесіне «Көларық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қаржысының есебінен жоба құны 1 миллион 119 мың теңгеге жоба-сметалық құжаты жасалып, сараптама қорытындысы шығып, «Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті құжаттары тапсырылған.Алдағы уақытта облыстық бюджеттен 600 метрге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы соммасы 70 миллион 988 мың 691 теңге қаржысы күтілуде.
Ақтан батыр елді мекеніндегі электр желілерінің тозу деңгейі 70-75 пайызды құрайды. Ауылдың электр желісін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге жоба сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткізіліп, жалпы құны 328 миллон 764,0 мың теңгеге облыстық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілген. Жоба бойынша 15,4 км электр желілер мен 4 дана трансформатор қондырғысы қарастырылған.
«Таза Қазақстан» акциясына сәйкес, «Таза ауыл» мәдениетін қалыптастыру үшін көркейту, көгалдандыру жұмыстары апта сайын ауылдағы мекеме қызметкерлерімен бірлесіп және ауыл тұрғындарымен сенбілік өткізіліп тұрады.
Мал ауруларының алдын алуға бағытталған шараларды ұйымдастыру, оның ішінде 2026 жылы кенеге қарсы 2 рет шаралар өткізілген. Қазіргі таңда ауылдағы мүйізді ірі қара малдарында індет болып отырған «Стаматит» ауруына қарсы тиісті шаралар жүргізілуде.
Ауылдағы тәртіп мәселесін жолға қою, мал ұрлығы, ұсақ-түйек құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу үшін ауылдық учаскелік полиция инспекторы Руслан Ниеталиев ұдайы жұмыс жүргізуде.
БІЛІМ САЛАСЫНДА БӘСІ БИІК
2026 жылдың 6 айы бойынша Ақтан батыр ауылындағы №190 орта мектепте жалпы 293 оқушы 1-11 сынып аралығында білім алуда. Мектепте 50 педагог қызметкерлер жұмыс жасайды. Педагог-зерттеуші – 12 мұғалім, педагог-сарапшы – 16 мұғалім, педагог-модератор – 16 мұғалім. Біліктілік санаты жоқ – 6 педагог бар.
2025-2026 оқу жылында жалпы орта мектепті, 11 сыныпты 19 оқушы бітіреді. Оның 16 оқушы ҰБТ-ға қатысады. 3 оқушы өз таңдаулары бойынша арнаулы оқу орнына барады.Округ бойынша 3-6 жастағы бала саны – 147, шағын орталықта – 50 бала, мектепалды даярлықта – 30 бала қамтылып отыр. Қамтылу пайызы 100 пайызды құрайды.
2026-2026 оқу жылында мектепте 11 сыныпта жаратылыстану-математикалық бағытында 19 оқушы білім алды. ҰБТ-ға 16 оқушы қатысты. Қатысу көрсеткіші – 84,2 пайыз. ҰБТ қортындысымен орташа балы бойынша – 83,4 көрсеткішін көрсеткен.Биылғы жылы 11-сыныптан 3 оқушы Алтын белгі, 3оқушы Үздік аттестат және 9-сыныптан 2оқушы Үздік аттестатпен бітіріп шыққан.
ӘЛЕУМЕТТІК АХУАЛ ТҰРАҚТЫ
Биылғы жылдың 6 айы бойынша Ақтан батыр дәрігерлік амбулаториясы ауыл халқының денсаулығын қадағалау және емдеу-сауықтыру үшін тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Амбулаторияда 1 жоғары санаттағы дәрігер, 8 мейіркеш, 4 жұмысшы халыққа қызмет көрсетеді. Амбулатория бойынша науқастарды қабылдау бөлмесі, балаларды қабылдау және жұқпалы ауруларға қарсы егу бөлмесі, 6 орындық 3 палата, зертхана, туберкулез науқасымен ауырған науқастарды қабылдау бөлмесі, науқастарды егу бөлмесі, жүкті әйелдерді қабылдау бөлмесі, инфекциялық ауруларды қабылдау бөлімі бар. Күндізгі емдеу бөлімде емделген науқас саны –49 адам, амбулаторлы емделген науқас саны – 57 адамды құрады.
Сонымен қатар, ауылдық кітапханада негізінен 19 815 кітап қоры бар. Жаңадан осы жылға 23 кітап келіп, барлық кітап қоры – 19817 болды.Оқырмандар саны жыл бойына 294 адам,оның ішінде 164 ересектер, 130 мектеп оқушылары бар.
Ақтан батыр ауылдық клубында барлығы 8 адам жұмыс жасайды. 2026 жылдың 6 айы бойынша барлығы 36 мәдени іс-шара өткізілді. Оның ішінде 8 аудандық байқау өткізіліп, 1 республикалық байқауға қатысып 1 орын, аудандық байқаулардан ІІ,ІІІ орындар бойынша жүлделер және дипломмен, алғыс хаттармен марапатталып ауылдың мәдени ағарту жұмыстарына өз үлесін қосып отыр.
Ауыл әкімінің 2026 жылдың 6 айы бойынша Көларық ауылдық округі әкімі аппаратында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында 2025-2026 жылдарға арналған іс-шара жоспары жасалып бекітілді.Іс-шараға сәйкес, ауыл бойынша біршама жұмыстар атқарылып,биылғы жылдың 6 айы бойынша 2 құқықтық оқу болып, орындалуы туралы анықтамалары, хаттамалары уақытылы жазылып отыр.Негізінен, жыл көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты арыз-шағымдар түспеген.
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ ТҮЙІНІН ТАРҚАТУДА
Ауылдағы жүзеге асып, шешімі табылуы тиіс бірнеше мәселе бар. Соның бірі – Бейбітшілік көшесіне түнгі жарықшам орнату жұмыстары. 2026 жылға қажетті қаражат аудандық бюджеттен 7296,0 мың теңге мөлшерінде. Нәтижесінде Көларық ауылдық округі, Ақтан батыр ауылы, Бейбітшілік көшесі түнгі жарықшамдармен қамтамасыз етіледі. Көшенің жалпы ұзындығы – 1200 м. Одан соң Әйтеке би көшесі №13 қызметтік үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Аудандық бюджеттен 1 миллон 935 мың теңгеге өтінім ұсынылған.
– Жайылымдық жерге аяқ су жеткізу 2026 жылдың көктемгі жайылымдық жерлерді тегін сумен суару барысында 10 күн ерте судың тоқтатылуына байланысты жайылымдық жерлер толық суарылмады. Негізі Р-3 каналындағы «Ділімбет-Аша» учаскесіндегі 2004 жылдан бергі қолдан салынған екі ашпалы бөгетті Жанқожа батыр ауылының әкімшілігі мен тұрғындары рұқсатсыз қазып алып тастауына байланысты «Тырнакөл», «Жайықбай» жайылымдық көлдеріне су жетпей қалған. Себебі, Жанқожа батыр ауылы төмен орналасуына байланысты каналдағы су сол бағытқа қарай кетіп отыр. Шешілу себебі, қолдан жасылған екі ашпалы бөгетті қалпына келтіріп, бұзылмауын қатаң бақылауда ұстау. Ақтан батыр ауылының солтүстік беткейіндегі иесіз көпірге жөндеу жүргізу керек. Солтүстік беткейдегі 3×6 каналы бойында орналасқан иесіз көпірді 2023 жылғы Қазалы аудандық сотының шешімімен "Қазалы ауданының экономика және қаржы бөлімі" КММ меншігіне өткізілді. Қазіргі таңда, аталған көпірге жер құжаттары мен техникалық құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Себебі, көпірге арналған жер учаскелері каналдар салынған кезеңде жеке бөлінбегендіктен, орналасқан аумақтың бір бөлігі «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының балансындағы каналдардың жер учаскелерімен қабаттасуына байланысты, қазіргі уақытта жерге орналастыру мен сәйкестендіру жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай отыр. Осыған байланыстыДомақ қорымы тұсындағы «3х6» каналы 3 құжат (жерге орналастыру және сәйкестендіру құжаттары) әзірленуі тиіс. Құжаттарды дайындауға жалпы 3 500 000 (үш миллион бес жүз мың ) теңге көлемінде қаржы қажет. Төлек учаскесіндегі «Жаңа Қазалы» каналына4 құжат әзірленуі тиіс. Құжаттарды дайындауға 4 000 000 (төрт миллион) теңге көлемінде қаржы қажет.Осылайша, екі нысан бойынша 7 құжат әзірленіп, жалпы 7 500 000 (жеті миллион бес жүз мың) теңге көлемінде қаржы бөлу қажеттілігі туындап отыр. Құжаттары әзірленгеннен кейін ауылдық округі әкімі аппаратының теңгеріміне берілгеннен соң жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныстар беріледі, – дейді ауыл әкімі Серік Өмірзақов.
Сонымен қатар, Абай Құнанбаев көшесін асфальттаужоспары тұр. «Көларық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қаржысының есебінен жоба құны 1 миллон 119 мың теңгеге жоба-сметалық құжаты жасалып, сараптама қорытындысы шығып, «Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті құжаттары тапсырылған.Алдағы уақытта облыстық бюджеттен 600 метрге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы соммасы 70 миллион 988 мың 691 теңге қаржысы күтілуде екен. Сондай-ақ Ақтан батыр ауылының электр желілерін қайта жаңғырту керек. Елді мекендегі электр желілерінің тозу деңгейі 70-75 пайызды құрайды. Ақтан батыр ауылының электр желісін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге жалпы құны 328 764,0 мың теңгеге жоба сметалық құжат әзірленіп, сараптадан өткізілді. Облыстық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілді. Жоба бойынша 15,4 км электр желілер мен 4 дана трансформатор қондырғысы қарастырылған.
АЛҒА ҚОЙҒАН АУҚЫМДЫ МІНДЕТ
Ауыл әкімі алдағы уақытта атқарылатын жоба мен жоспарларды айтты. Қазақстан Республикасы Президентінің стратегиялық бағдарламаларын ауылдық округ көлемінде іске асыру, азаматтардың әл-ауқатының өсуін қамтамсыз етіп, округ тұрғындарының тұрмыс жағдайының жақсаруына ықпал ету, шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге жұмыс жасауды күшейтетінін жеткізді. Сонымен бірге Ақтан батыр ауылы Абай Құнанбаев көшесі (Ұзындағы – 600м) асфалаттанбақ. Жоба құны – 70 миллон 988 мың 691 теңгені құрайды. Ауылдағы электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмек.
ТҮЙІН:
Өңір экономикасын дамытуда ауылдың әлеуетін көтерудің маңызы жоғары. Бүгінде түрлі бағдарлама біршама жылдан бері жүзеге асырылып, ауыл-аймақтың даму үдерісі назарға алынып келеді. Өңірдің көптеген аймақтарында ауыз су, жол, газдандыру, мектеп, балабақша секілді түйткілді мәселелер шешіліп, ауыл халқының тыныс-тіршілігінде жаңа бір леп пайда болғандай. Біз баяндаған Ақтан батыр ауылының қазіргі келбеті ажарлана түскен. Онысын жүзеге асып жатқан жарқын жобаларынан, көкжиекке құлаш сермеген кәсіпкерлігінен байқадық. Тұрғындардың әлеуметтік әлеуеті жақсарған. Иә, ауыл – қазақ елінің жүрегі. Қазақтың қасиетті құт мекені, қайнар көзі, алтын бесігі. Өркениетті ел болып, даму жолын қаладан тапқанымызбен, ауылдың алар орны бөлек екені әмбеге аян. Ал ауылды өркендету – ұлттық экономикамыз бен мәдениетімізді жаңғыртудың тірегіне айналмақ.
Айнұр ӘЛИ













