Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бекем бірлік, түзі тірлік Түктібаевқа тән

Бекем бірлік, түзі тірлік Түктібаевқа тән

Ауылға көңiл бөлу, оның жағдайын жақсарту – мемлекеттiк мәнi зор iс. Кез келген экономикалық реформаның түпкi мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру. Қазақ мемлекетінің қалыптасуы және дамуы негізінен ауыл өмірімен тікелей байланысты. Өрістің кеңеюі алға ілгерілеуді қажет етеді. Өз ісін дөңгелеткендер мен еңбекпен біте қайнасқан тұрғындары бар Ү.Түктібаев ауылы – аудандағы жыл санап әлеуеті артып келе жатқан ауылдардың бірі.

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап жаңа формациялық қалыпқа өту үдерісі ауылға да түбегейлі өзгерістер әкелді. Ес жиып, жоғымызды түгендегеннен кейін, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында төзім мен сабырды серік еттік. Сындарлы сәттерден сүрінбей өткен уақыт аралығында ауданның ауыл-аймақтарындағы ахуал да көптің сенімін сәулелендіріп, үмітін үкіледі. Отыз бес жылдағы жетістіктеріміз арқасында түзеле түскенін көзімізбен көріп, құлағымызбен естіп жүрміз.Ажары айшықталып келе жатқан осындай ауылдардың бірі – Ү.Түктібаев ауылы.
Ауыл 1939 жылы Алға, Жаңабасшылық, Бозкөл және Жаңажол колхоздарын біріктіру кезінде құрылған. 1956-1966 жылдары Карл Маркс атындағы колхоз, кейін совхоздың бөлімшесі, 1966-1985 жылдары Октябрь күріш совхозы болып аталған.1985 жылдан бастап Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаевтың есімі берілген. Қазір Үрмәш Түктібаев ауылы болып аталып келеді. АлАлға ауылдық округі болып құрылғаны – 1997 жыл.
Алға ауылдық округінде Кеңес одағының батыры Үрмәш Түктібаев 1917 жылы дүниеге келген. 1945 жылдың 24 наурызында КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының батыры атағы берілді.


ЕҢБЕКПЕН ЕҢСЕ ТІКТЕГЕН

Ауыл әкімі Алмас Бегалиев Ү.Түктібаев ауылының төлперзенті. Туған жерін түлетуде аянып қалмаған ол ауылдағы тындырымды тірліктерді баяндап берді.
– Алға ауылдық округінің бюджеті 107428,0 мың теңге. 6 айда 61861,7 мың теңге игерілді.Биыл Ә.Жасақбаев және Жаңабасшылық деген екі көшеге жаңадан түнгі жарық шамдар орнату үшін аудандық бюджеттен 4113,3 мың теңге бөлініп, жарық шамдар орнатылды. Ауылға биылғы жылы әуе электр желісімен электр бағаналары толықтай жаңадан жүргізілді. Жақын күндері тұрғын үйлерге электр құрылыс монтаждау жұмыстары орнатылатын болады. Сонымен бірге орамішілік газ желісі қарқынды жүргізілуде. Кәзіргі уақытта осы жұмыстардың 70 пайызы орындалды. Ауыл тұрғындарына табиғи газды тұтынатын күн алыс емес. Елді мекенге өрт сөндіру бекетін демеушілік арқылы салу жұмыстары басталып, кәзіргі уақытта іргетасы қаланып, қабырлағалары тұрғызылуда.Алдағы уақытта көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, жарық шамдар орнату, каналдарға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу, тұрғындарды өзін-өзі қамту мақсатында кәсіпкерлік ашу, мемлекеттік гранттармен несилендіру секілді жоспар мен міндеттер тұр, – дейді ауыл әкімі Алмас Үсейінұлы.
Өңір экономикасын дамытуда ауылдың әлеуетін көтерудің маңызы жоғары. Бүгінде ауылдың жайы біршама реттеліп, даму динамикасы оң нәтиже беруде. Кез келген экономикалық реформаның түпкi мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру. Ауыл әкімінің сөзіне сүйенсек, бұл жолда атқарылған, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар өз жалғасын таба бермек.

АУЫЛДЫҢ ӨМІР САПАСЫ

Алға ауылдық округі аудан орталығынан 75 км қашықтықта орналасқан. Құрамына Түктібаев елді мекені кіреді.Халқының саны – 1735 адам, отбасы саны – 315. Оның ішінде жастар– 558. Алтын алқа игері– 24. Күміс алқа иегері–54.Экономикалық белсенді халық саны – 652 адам, жұмыспен қамтылғаны – 619 адам, жұмыссыздар – 33. №88 орта мектепте 21 класс комплектісі бар. 2026 жылы мектептен 11-сыныпты бітірген 27 оқушының 25-і ҰБТ-ға қатысты. 3 алтын, үздік 3 оқушы бар. Мектептің орташа балдық көрсеткіші 76,8 балды құрайды. Мектеп ғимаратында орналасқан 50 орындық №20 Жайна балабақшасы бар. Мектеп жасына дейінгі 2-5 жастағы 50 бала балабақшаға барады. Сонымен қатар, 150 орындық ауылдық клуб 2014 жылы типтік жобада салынған. Онда би, домбыра, ән, драма, көркем сөз және қол өнер үйірмелері жұмыс істейді. 65 жасөспірім үйірмелерге қатысып, өнерлерімен ауыл мақтанышы болып келеді. Ауылдық клуб ғимаратында кітапхана орналасқан. Кітап қоры – 19480. Кітапхананың 420 оқырманы бар. Сонымен қатар, 2023 жылы жаңадан спорт кешені салынып пайдалануға берілді. Кешенде күрес, волейбол, футбол секілді спорт түрлері қамтылып, жасөспірімдер жеңіс тұғырынан көрінуде.
2014 жылы дәрігерлік амбулатория құрылысы салынып пайдалануға берілген. «Түктібаев» ауылдық дәрігерлік амбулаториясыда 1 жоғары білімді дәрігер, 2 фельдшер, 10 мейіркеш, 1 акушер жұмыс жасайды, 1 жедел жәрдем автокөлігі бар. Күндізгі 11 төсектік жатын орынмен қамтамасыз етілген. 2024 жылы дәрігерлік амбулаторияға су жаңа жедел жәрдем көлігі табысталған.
Топтық ауызсу құбыры желісі орталықтандырылған, сервистік желіге толықтай қосылған. Ауызсу тұрақты беріліп келеді.Елдімекенді аяқсумен суландырып тұрған ауылдық округі теңгерімінде «Ішкі», «Шлюз арық» каналдары. Жайылымдық жерлерді суландырып тұрған «Бірқазан» каналы бар.Округтеұзындығы14 шақырымды құрайтын 17 көше бар. Оның 6-ауы жарықтандырылған. Ұзындығы – 5,1 км. Ұзындығы 9 км 12 көше жарықтандырылмаған. 7 көше қатты қабатты, 3 көше топырақты және 8 көше қиыршық тасты.

ІСКЕР АУЫЛ – ҚУАТТЫ АУДАН

Соңғы уақытта қанатын кеңге жайып келе жатқан жаһандану дәуірі күн санап бізге ауылды сақтау – ұлттық болмыс, ұлттық құндылықтарды, ұлттық рухты сақтаудың бірден-бір жолы екенін нақты ұғындыра бастағандай. Сондықтан ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлігін дамыту бүгінде тек экономикалық емес, негізгі ұлттық мәселеге айналды. Ауылды әлеуетін көтеру ісіне әрбір азамат атсалысып, алтын бесіктегі тірлікті қайта түлетіп жүр.Қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуы – халықтың екі қолға бір күрек ұстауына байланысты. Кәсіпкерліктің дамуына күш салған аймақ бұл мәселелерді шешуге әлдеқашан кірісіп кеткен. Бұл орайда, мемлекет отандық өндірушілерге қолдау көрсетіп, бизнес үшін қолайлы жағдай да жасады. Ал жаһандық нарыққа шығатын, бәсекеге қабілетті өнім шығару – барша шаруалар мен диқандар еңбегін шыңдай түсері айқын.
Ауылда қолынан іс келетін, дөңгелетіп отырған шаруасы бар72 кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. 2026 жылы 4 азамат «Ауыл аманаты» бағдарлапмасы негізінде қаржыға қол жеткізіп, түрлі кәсіптері бойынша жұмыстар атқаруда. Мәселен, ауыл тұрғыны Б.Сухан МІҚ малын өсіру бойынша 4,0 миллион теңге несие алса, Б.Өмірзақов дәнекерлеу жұмыстары бойынша 2,8 миллион теңге, С.Әбілтай пластик есік терезе жасау ісі бойынша 5,0 миллион теңге, Б.Жанұзақова МІҚ малын өсіру үшін 9,9 миллион теңге несие алып жұмыстар жасауда.
Экономиканың дамуына себепші болатын бірінші кезекте ауылшаруашылық саласы. Бұл сала дамымай, бәсекеге қабілетті экономиканы құру мүмкін емес. Дамуға бағыт алған елімізде әсіресе өндірісті өркендету, оның ішінде ауылшаруашылығын жолға қою керегі жиі айтылып жүр. Жүзеге асырылып жатқан нақты іс-шаралар да бар.Ауылдық округтің жер қоры – 42626 гектар, оның ішінде жайылымдық – 5201 гектар, шабындық жер жоқ. Егістік жер – 7000 гектар, елді мекеннің жерлері – 7346 гектар.
Округте 17 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысса, 1 шаруашылық күріш өсірумен шұғылданады.Күріш өсірумен айналысатын «Ақмаржан» шаруа қожалығы биылғы жылы 350 гектар жерге күріш орналастырған. Сондай-ақ, осы жылы 56 ауыл тұрғыны елді мекен аумағына 50 гектарға жуық бақша өнімдерін еккен. Пісіп, жемісін бергенөнімдер сатылымға шықты.
Бүгінде мал ұстау мен бағудың өзіндік құны арта түсті, бірақ ол тапқан табыстарын ақтай қоймайды. Мал шаруашылығының қиындықтары өте көп. Малшылар қысы-жазы тыным таппайды. Өйткені малды тек еңбекқор адам ғана бағып, баптап күте алады. Ал елді мекендегі ағайын төрт түлігін түлетіп отыр. Мәселен, жалпы округ бойыншамүйізді ірі қара саны– 2687 бас, қой мен ешкі – 3839 бас, жылқы – 2993 бас.
Айта кеткен жөн, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында елді мекендегі №88 Б.Әбдіразақов атындағы орта мектепке 1979 жылғы туылған азаматтар «30 жылдық» аясында жалпы құны 1,5 миллион теңгеге темір есік қақпасын және екі жиекті қоршау орнатып берген. 1989 жылғы азаматтар «20 жылдыққа» ауыл алаңы ішіне құны 1,7 миллион теңгеге мәдени көпшілік сахнасын салып беріп демеушілік етіпті.
Айтпақшы, Үрмәш Түктібаев 2000 жылдардан бері қарай «Егіздер ауылы» аталып кеткен. Мұнда жылына бірнеше егіз туылады.Мұндағы демографиялық өсім Тәуелсіздік алған жылдардан басталған. Жергілікті тұрғындар егіздердің көптеп дүниеге келуін қасиетті топырақтың құдіретімен байланыстырады.
Қош. «Гүлденсе – ауыл гүлденсін». Бұл – бүкіл Қазақ елінің тілеуі. Талантына бас идірген талай тұғырлы тұлға ауылдан шығып, кіндігін ауылдан кескен. Ауыл – қазақтың алтын ұясы. Өңір экономикасын дамытуда ауылдың әлеуетін көтерудің де маңызы жоғары. Бүгінде түрлі бағдарлама біршама жылдан бері жүзеге асырылып, ауыл-аймақтың даму үдерісі назарға алынып келеді. Өңірдің көптеген аймақтарында ауыз су, жол, газдандыру, мектеп, балабақша секілді түйткілді мәселелер шешіліп, ауыл халқының тыныс-тіршілігінде жаңа бір леп пайда болғандай. Біз баяндаған Ү.Түктібаев ауылының қазіргі келбеті ажарлана түскен. Онысын жүзеге асып жатқан жарқын жобаларынан, көкжиекке құлаш сермеген кәсіпкерлігінен байқадық.

Айнұр ӘЛИ










18 шілде 2026 ж. 27 0

Аула абаттанса айып па?

18 шілде 2026 ж. 25

Азияда атой салды

18 шілде 2026 ж. 26

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031