Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар байқауда бақ сынады

Балалар байқауда бақ сынады

Балалардың шығармашылығын дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру және жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында Қазалы қалалық мәдениет үйінің жоспарлы кестесіне сәйкес «Шағала» демалыс лагерінде «Әнші балапан – 2026» байқауы өтті.
Ән байқауына лагерьде тынығып жатқан балалар қатысып, өздерінің вокалдық қабілеттерін ортаға салды. Қатысушылар таңдаған әндерін орындап, сахнада өз өнерлерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен Ұлданай Нағашыбай бірінші орын бұйырды. Екінші орынды Әдемі Айдосқызы еншілесе, ал үшінші орынды Ақдидар Өмірбек пен Айару Қуанышбек өзара бөлісті. Ал көрермендердің ықыласына бөленген Айша Оразбай «Көрермен көзайымы» бағамымен марапатталды.
Сондай-ақ байқауға қатысқан Аружан Өтепбек, Нұрәли Разахберген, Айдай Үрістем, Айша Темірханқызы және Мақпал Айбекқызы арнайы Алғыс хаттарға ие болды. Барлық қатысушы өнерпаздарға Қазалы қалалық мәдениет үйі атынан сыйлықтар табысталды.
Мұндай мәдени жобалар балалардың өнерге деген ынтасын арттырып, бос уақытын мазмұнды өткізуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
«Қазалы» ақпарат
28 шілде 2026 ж. 27 0

Бәсі биіктеген бизнес

28 шілде 2026 ж. 25

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031