Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әуезді ән әуелеген

Әуезді ән әуелеген

Жуырда Тасарық ауылдық клубының ұйымдастыруымен қазақ вальсінің королі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай «Ән патшасы – Шәмші» атты аудандық ән байқауы өтті. Әр ауылдық округтен келген талапкерлерімізге ауыл әкімі Әлмұхан Кәрібаев және Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының директоры Әзілхан Мақсатбаев сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Әуезді ән байқауында өнерпаздар Шәмші әндерін әуелетіп, өзара бақ сынасты.
Бірлік ауылдық клубының меңгерушісі Таня Оспан, №238 орта мектептің директоры Әлия Кеулімжай, Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының үйріме жетекшісі Әсел Серғазы әділ қазылық етті.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Шәмші әндерін нақышына келтіріп орындап, көпшіліктің ерекше ықыласына бөленген Альбина Сембай жеңіп алды. Бірінші орын Жансұлу Әлиге бұйырды. Ал екінші орынды Жансая Әмірбек пен Мейіржан Мырзағұл өзара бөлісті.
Үшінші орынға Жұбандық Жарылқасын, Құлпыбай Жөкеев және Алтынай Ілиясова сынды қатысушылар жайғасты. Сондай-ақ бірқатар қатысушы бірнеше аталым бойынша марапатталды.
Атап айтсақ, «Көрермен көзайымы» бағанына Мөлдір Боранқұлова, «Талантты әнші» бағанына Динара Нұрмағамбетова, «Әсем үнді әнші» бағанына Ақтолқын Жеткерген, «Жас талант» бағанына Айғаным Қойшыбай лайық деп танылды. Жеңімпаз және жүлдегер өнерпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Нұрболат ТӨЛЕШ
03 мамыр 2025 ж. 65 0

Тәттіден табыс тапқан

03 мамыр 2025 ж. 66

Әуезді ән әуелеген

03 мамыр 2025 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031