Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл аманаты: кәсіпкерліктің бастауында

Ауыл аманаты: кәсіпкерліктің бастауында

Тақырыпқа сай ол Қазақстан Республикасындағы ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, ауыл шаруашылығын дамытуға, жұмыс орындарын ашуға, және ауылдық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарлама. Тиімді бағдарлама басты мақсаттары аясында ауыл тұрғындарын ауыл шаруашылығында тұрақты кіріс көздерімен қамтуға, ауылдық инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға бағытталған. Оның негізгі бағыттары бойынша ауыл тұрғындарына, әсіресе кәсіпкерлерге, жеңілдетілген шарттармен қаржылай қолдау көрсету. Несиелер ұзақ мерзімге беріледі. Мұнымен қоса төмен пайыздық мөлшерлеме ұсынылады.
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдап, ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыру, жаңа технологияларды енгізу және агрономиялық білім беру арқылы кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады. Инфрақұрылымды дамытып, су, электр энергиясы, газбен жабдықтау, жол салу сияқты жобаларды іске асырады.
Әлеуметтік бағдарламалар ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту, білім беруді, мәдени іс-шараларды қолдау бағытында түрлі әлеуметтік жобаны жүзеге асырады.
Ауылдық кәсіпкерлерді қолдау, оқыту, консультациялар жүргізу арқылы кәсіпкерлік мәдениетін дамытады. Бағдарламаның артықшылықтары да бар. Әдетте ауыл тұрғындарына арналған несие пайыздары төмен болады. Ол қаржылық жүктемені жеңілдетеді. Мүмкіндіктерді кеңейтуге болады. Кәсіпкерлер мен шаруаларға жаңа нарықтарға шығу, жаңа технологияларды енгізу және шаруашылықтарын дамытуға көмектеседі. Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру арқылы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызы зор. «Ауыл аманаты» бағдарламасы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығына инвестициялар тарту, ауылдарда кәсіпкерлік қызметті жандандыру арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылығын жаңғыртуға және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жасауға ықпал етеді.
Бағдарламаның іске асырылуы, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, ауылдық бизнестің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына көптеп мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары ауылдық кәсіпкерлікті қолдауға арналған бағдарламалардың саны артып келеді. Олардың ішінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, жұмыс орындарын ашу және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірісін көбейту мақсатында іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы маңызды орын алады. Ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатындағы мемлекеттік маңызды жоба керемет нәтижелер көрсетуде. Солардың қатарындағы Айтбай Сайфуллаұлының сүт бағытында сиыр өсіруге бағытталған іс-әрекетін айрықша атауға болады.
Айтбай Аманов былтыр 8 миллион теңге несие алған болатын. Оны 7 жылға, 2,5 пайыздық мөлшерлемемен рәсімдеді. Қомақты қаражатқа Меркеден 10 бас асылтұқымды қашар сатып алды. Абай ауылының Ақсай жеріндегі шағын қожалығындағы қора-қопсысын әзірледі. Мал шаруашылығын қолға ала отырып, өзіне және жанұясы үшін тұрақты табыс көзін ашуды мақсат етіп отыр.
Сиырларды сатып алғаннан кейін, Айтбай оларды жерсіндіру мәселесімен кездескенін мойындайды. Далалықта көкмайса орманды жерде емін-еркін жайылған асылтұқымды малдар былтыр жауын-шашын сирек жауғандықтан шөбі аз аумақта күйі қашады. Мүмкін осы жағдай төлдемеумен байланысты болды. Дегенмен ол кәсіпкер ретінде басқа түскен сынақты жеңу үшін барлық күш-жігерін жұмсап, малдарын жыл бойына күтумен айналысты. Жем-шөп дайындау жұмыстары жүргізілді. Ауру-сырқаудың алдын алып, емделді, қораның жағдайы жасалды. Уақытылы қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде еңбекқор азамат ірі қараның денсаулығын нығайтуға мүмкіндік алды.
Айтбай сүт өндірісін қолға алып, айран пісіп, құрт пен ірімшік дайындауды армандайды. Бұл тұрғыда кәсіпкер өз жұмысын ауқымды әрі нәтижелі ету үшін жоспарларын жүзеге асыруға шешім қабылдады. Егер мал басы көбейсе, отбасылық бизнестің табысы арта түспек. Талапшыл кәсіпкердің басты мақсаты – өнімдерін ауыл тұрғындарына, сондай-ақ жақын маңдағы қалаларға ұсыну.
Ауыл аманаты бағдарламасының ең бір тиімді тұсы – несиені өтеуде берілетін демалыс. Осы мүмкіндік Айтбайға қаржылық жүктемені жеңілдетіп, өз шаруашылығын дамытуға еркіндік берді. Несиені қайтару бойынша қиындықтар жоқ. Ал бұл аралықта ол малын бағып, өсірумен, азық-түлік дайындаумен айналысады.
Сондай-ақ Айтбайдың отбасы да оның кәсіпкерлік бастамасына қолғабыс көрсетуде. Отбасы мүшелері бірлесе отырып, мал шаруашылығын дамытуға атсалысып, қолғабыс етіп келеді.
Бүгінде берекелі отбасылық кәсіп өмірдің бір бөлшегіне айналды. Айтбай Амановтың іс-әрекеті ауыл кәсіпкерлігінің дамуына, ауыл тұрғындарының тұрақты табысын арттыруға, сондай-ақ отбасылық бизнестің үлгісін көрсетуге септігін тигізуде. Оның қожалығы болашақта сапалы әрі табиғи таза сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп, ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыруы мүмкін. «Ауыл аманаты» бағдарламасы сияқты қолдаулар арқасында жергілікті тұрғындардың кәсіпкерлік мүмкіндіктері еселеп арта түсуде. Айтбайдың алға қойған мақсаты да жоқ емес. Ол ауыл шаруашылығында табысты кәсіпкер болу, өз отбасын қамтамасыз ету және ең бастысы, ауылдастарына үлгі көрсету.
Мал шаруашылығын дамыту ауылдың экономикалық өркендеуіне, экологиялық жағдайына, сол жердегі мәдениет пен дәстүрлердің сақталуына да әсер етеді. Айтбайдың жобасы ауылдардың болашағына, ондағы тұрғындардың әл-ауқатына зор ықпал ететіні сөзсіз.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
09 шілде 2026 ж. 23 0

9 шілдеге валюта бағамы

09 шілде 2026 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031