Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жобаның жүзеге асуы талқыланды

Жобаның жүзеге асуы талқыланды

Жуырда аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаевтың қатысуымен өткен кездесуде «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Бұл жоба – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, еңбекпен қамтуға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Кездесу кезінде аудан әкімінің орынбасары Жалғас Оңғарұлы аталған жобаның жүзеге асырылу барысын бағдарлап, алдағы жоспарларды айқындады. Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, сондай-ақ ауылдық округ әкімдеріне тұрғындардың табысын арттыру аясында жүйелі жұмыс жүргізу керектігін жеткізді. Сондай-ақ тиісті тұлғаларға нақты тапсырма жүктеді.
Жиын барысында жобаның маңыздылығына тоқталған ол: «Ауыл тұрғындарының табысын арттыруда жобаны сапалы ұйымдастыру маңызды. Сондай-ақ тұрғындар арасында түсіндір жұмыстарын кеңінен жүргізу керек. Ауылшаруашылығы кооперативтерін құруда тиімді несие тетіктерін пайдалануымыз қажет» деді.
Сонымен қатар әрбір ауылдық округтің ерекшелігіне сай жоба бағыттарын нақтылау, жергілікті жерде сұранысқа ие кәсіп түрлерін дамытуға басымдық беру қажеттігі айтты. Ауыл әкімдеріне 2025 жылға арналған іс-шараларды жоспарға сәйкес үйлестіруді тапсырды.
«Ауыл аманаты» жобасының сәтті жүзеге асуы – ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға жол ашады» дейді аудан әкімінің орынбасары.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
15 шілде 2025 ж. 308 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 119

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031