Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық бақылауда

2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық бақылауда

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтанов елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысымен танысты.
Жұмыс сапары барысында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және өзге де әлеуметтік нысандардағы қазандықтардың жай-күйі, жылу желілерінің дайындығы және инженерлік жүйелердің жұмыс қабілеті жан-жақты зерделенді.
Мұрат Байғабылұлы тексеру барысында анықталған мәселелер бойынша жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, күзгі-қысқы маусымға сапалы әрі уақытылы дайындық жұмыстарын қамтамасыз етуді жүктеді.
Аудан бойынша 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына қажетті қатты отын көлемі 11,0 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде халық тұтынуына 8,6 мың тонна, әлеуметтік нысандарға 2,4 мың тонна жоспарланған. Сонымен қатар 1,9 мың тонна сұйық отын қажеттілігі белгіленген.
Алдағы кезеңде барлық нысандардың қысқы маусымға толық дайын болуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда болады.
01 шілде 2026 ж. 38 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031