Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылыту маусымына дайындық жүруде

Жылыту маусымына дайындық жүруде

Әне-міне дегенше жаздың екінші айын орталадық. «Қыстың қамын жаз ойла» демекші, жылыту маусымына дайындық жүргізуді осы бастан күшейту керек-ақ.
Осы мақсатта аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтанов ауданағы нысандардың жылу беру маусымына дайындық барысын бақылады. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар нысандардың алдағы маусымға әзірлігін пысықтап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ «Қазалы – Теміржолжылу» мекемесіне арнайы барып, ондағы бу қазандықтары мен жылу құбырларының техникалық жағдайымен танысты. Кәсіпорын басшысына жылу беру маусымына дейін қазандықтың жөндеу жұмыстарын жедел әрі толық аяқтауды тапсырды.
Жылу маусымының дайындығын бақылау барысында аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміндегі Біржан сал көшесінде орналасқан 50-ге жуық отбасы тұратын жатақхана ғимаратының жылу қазандығындағы қондырғылардың істен шыққаны белгілі болды. Осыған орай аудан әкімінің орынбасары автономды жылумен жабдықтауға арналған қондырғыларды тез арада жөндеу қажеттігін жеткізді.
– Жылу қазандықтарын ұдайы қадағалауда ұстап, жылу жүйесін дұрыс жеткізуді қамтамасыз етуіміз қажет. Сонда ғана жұрт қыстан қиналмай шығады. Әрбіріңізді жүктелген жұмысқа жауапкершілікпен қарауды тапсырамын, – деді аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байғабылұлы.
Сондай-ақ Құмжиек ауылындағы клуб ғимаратын қатты отыннан газға ауыстыруға ұсыным беріліп, сметалық есеп жүргізілді. Бұл ретте округ әкімі жұмысшы органмен бірлесе әрекет етіп, жұмыс жоспарын бекітті.
Айта кетейік, қазіргі таңда ауданға қажетті қатты отын көлемін нақтыланып, тасымалдау кестесі жасақталған. Әлеуметтік нысандарды жылумен, газбен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар жылыту маусымы басталғанға дейін жалғаспақ.
Арайлым ЖҮСІПОВА
15 шілде 2025 ж. 29 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031