Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылу беру маусымына дайындық жүйелі

Жылу беру маусымына дайындық жүйелі

Күз келіп, күн салқындаған сайын облыста жылу беру маусымына дайындық шаралары қарқынды жүргізілу үстінде. Жылу беру маусымының уақтылы әрі тиімді басталуы үшін тиісті сала мамандары үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Сәйкесінше, облыс көлемінде үйлер мен мекемелерге жылу беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру үшін барлық қажетті шаралар қолға алынған. Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді.

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген мәліметінше, аймақтың жылу беру маусымына арналған көмірдің жалпы қажеттілігі 162,5 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде, тұрғындар үшін 134,6 мың тонна, ал әлеуметтік нысандарға 27,9 мың тонна көмір қарастырылған. Бүгінгі күнге дейін өңірге 68,8 мың тонна көмір жеткізілген. Бұл жалпы қажеттіліктің 42,3 пайызын құрайды. Қазіргі уақытта қала мен аудан көлеміндегі көмір қоймаларында 32,9 мың тонна нақты көмір қоры сақтаулы тұр. Сондай-ақ, облыс аумағында тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз ету мақсатында 26 өңірлік оператор жұмыс істейді. Бұл операторлар тұрғындар мен әлеуметтік нысандардың көмір қажеттілігін үздіксіз қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Фото: ашық дереккөзден алынды!
14 қазан 2024 ж. 214 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031