Ауыл экономикасына серпін берген
Ауыл – елдің алтын бесігі, ұлттық экономиканың да маңызды тірегі. Халықтың әл-ауқатының артуы, азық-түлік қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, шағын және орта бизнестің дамуы ауылдың дамуымен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, соңғы жылдары жүзеге асырылыпкеле жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы тұрғындардың кәсіп бастауына, жұмыс орындарын ашуына және табысынарттыруына тиімді жобалардың бірі ретінде ерекшеленеді.
Бағдарламаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартып, олардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау арқылы ел экономикасынжандандыру. Жеңілдетілген несие беру жобасы ғана емес, ауылдағы кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастырып, халықтың еңбек арқылы табыс табуына жағдай жасайтынкешенді бастама.
Еңбекке сүйенген табыс – тұрақты дамудың кепілі
Көптеген қаржы институттары жоғары пайыздық мөлшерлемемен несие ұсынса, «Ауыл аманаты» бағдарламасының ерекшелігі ауыл тұрғындарына қолжетімді шарттармен қаржылай қолдау көрсетуінде. Тиімді мүмкіндік әсіресе өз кәсібін жаңадан бастағысы келетін немесе бұрыннан бар кәсібін кеңейтуді жоспарлаған азаматтар үшін үлкен көмек.
Бағдарлама арқылы ауыл тұрғындары мал шаруашылығын дамытуға, егіншілікпен айналысуға, наубайхана, тігін цехы, жылыжай, шағын өндіріс орындарын ашуға, қызмет көрсету саласын дамытуға мүмкіндік алып отыр. Соның нәтижесінде ауылдағы жұмыссыздық деңгейі төмендеп, жаңа жұмыс орындарыашылуда.
Кәсіпкерлікке жаңа көзқарас қалыптасты. Бұрын ауылдағы азаматтар кәсіп ашу үшін жеткілікті қаражаттың жоқтығын басты мәселе ретінде айтатын. Осы күнімемлекеттік қолдаудың арқасында болмашы кедергібіртіндеп жойылып келеді.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы адамдардың ойлаужүйесіне де оң өзгеріс әкелді. Біршама тұрғын тұрақты табыс табудың жолы өз кәсібін жүргізу екенін түсіне бастады. Нәтижесінде ауылда жаңа кәсіп түрлері пайдаболып, шағын бизнес субъектілерінің саны артып келеді.
Бір жоба – бірнеше игілік демекші, бағдарламаның тиімділігі бір адамның кәсіп ашуымен шектелмейді. Біркәсіптің айналасында бірнеше жұмыс орны ашылып, ауылтұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылады. Өз кезегіндеауылдағы әлеуметтік ахуалдың жақсаруына ықпал етеді.
Мысалы, шағын наубайхана ашылған жағдайда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады. Ауыл халқы жаңа өніммен қамтамасыз етіледі. Ал кәсіпкер салық төлеп, жергілікті экономиканың дамуына үлес қосады. Осындаймысалдарды сүт өнімдерін өндіру, жылыжай шаруашылығы, құс өсіру, омарта шаруашылығы, қызмет көрсету және қолөнер салаларынан да көруге болады.
Әйелдер кәсіпкерлігіне серпін
Бағдарлама ауыл әйелдерінің экономикалық белсенділігін арттыруға да ықпал етуде. Бүгінде көптеген нәзік жандылар үй жағдайында тігін, кондитерлік өнімдер дайындау, жартылай фабрикат өндіру, ұлттық тағам әзірлеу сияқты кәсіптерін кеңейтіп, шағын өндіріс орындарынашып жатыр.
Бұл – отбасының табысын көбейтіп қана қоймай, әйелдердің қоғамдағы экономикалық белсенділігінарттырудың тиімді жолы.
Жастар үшін жаңа мүмкіндік
Ауылдан жастардың қалаға көшуінің басты себептерінің бірі – тұрақты жұмыстың болмауы. «Ауыл аманаты» бағдарламасы осы мәселені шешуге де ықпал етуде.
Жас кәсіпкерлер жеңілдетілген несие алып, өз ауылындабизнес бастауға мүмкіндік алуда. Бұл ауылда жаңа идеялардың жүзеге асуына, инновациялық жобалардың пайда болуына және жастардың туған жерінде еңбек етуінежол ашып отыр.
Бағдарламаның әлеуметтік әсері
Кәсіптің дамуы тек табыстың артуына ғана емес, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне де ықпал етеді. Тұрақты жұмысы бар адамның өмір сапасы жақсарады, отбасының әл-ауқаты артады, балалардың білім алуына, денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділігі кеңейеді.
Сонымен бірге ауыл тұрғындарының еңбекке дегенынтасы күшейіп, масылдық көзқарастың орнынакәсіпкерлік мәдениет қалыптасады. Бұл – бағдарламаның ұзақ мерзімді әлеуметтік тиімділігі.
Аталған жобада дамытуды қажет ететін тұстары да жоқ емес. Кез келген мемлекеттік бағдарлама сияқты «Ауыл аманатының» да жетілдіруді қажет ететін бағыттары бар. Ең алдымен, кәсіпкерлерге қаржы берумен қатар оларды бизнес жүргізуге оқыту маңызды. Маркетинг, бухгалтерлікесеп, салық жүйесі, цифрлық сауда, өнімді өткізу жолдарыбойынша кеңес беру жүйесін күшейту қажет.
Екіншіден, өндірілген өнімді өткізудің тиімді тетіктеріндамыту маңызды. Кейбір кәсіпкер өнім өндіре алғанымен, оны тұрақты нарыққа шығаруда қиындықтарға кездеседі. Сондықтан ауыл кәсіпкерлерін кооперация арқылы біріктіру, электронды сауда алаңдарына шығару, өңірлік көрмелер мен жәрмеңкелерге қатыстыру уақыт талабы.
Үшіншіден, цифрлық технологияларды енгізу қажет. Бүгінде өнімді интернет арқылы сатудың мүмкіндігі зор. Егер ауыл кәсіпкерлері онлайн сауда құралдарын тиімдіпайдалана алса, олардың табысы да айтарлықтай өсер еді.
Болашаққа бағытталған инвестиция
«Ауыл аманаты» болашақтың жобасы. Бағдарлама ауылдағы еңбекке қабілетті халықтың әлеуетін тиімдіпайдалануға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қолдау мен азаматтардың еңбекқорлығы ұштасқанда ғана нақты нәтиже болады.
Экономикалық тұрғыдан алғанда, бағдарлама ауылшаруашылығы өндірісін ұлғайтуға, импортқа тәуелділікті азайтуға және ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Әлеуметтік жағынан халықтың табысынарттырып, ауылдағы өмір сүру сапасын жақсартады.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарына берілген мүмкіндік. Оның тиімділігі бөлінген қаржы көлемімен емес, сол қаражаттың нақты нәтижеге айналуымен өлшенеді. Өз кәсібін ашқан әрбір азамат жаңа жұмыс орнын құрып, ел экономикасының дамуына үлес қосады.
Қазір ауылдың болашағы еңбекқор, жаңашыл әрі жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлердің қолында. Осындайазаматтардың қатары көбейген сайын ауыл экономикасынығайып, халықтың әл-ауқаты арта түседі. «Ауыл аманаты» бағдарламасын ауылды өркендетуге бағытталған маңызды әлеуметтік-экономикалық жоба ретінде бағалауға толық негіз бар.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА















