Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерге мүмкіндік берді

Кәсіпкерге мүмкіндік берді

«Ауыл аманаты» бағдарламасы – ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған мемлекеттік жоба. Бағдарлама ауылдық елді мекендердегі халықтың әл-ауқатын жақсартуды көздейді және өз кәсібін бастағысы келетін немесе бар кәсібін кеңейтуді жоспарлаған азаматтарға жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді.
Жобаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету және ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлікті дамыту. Осы арқылы ауылдық жерлердегі халықтың тұрақты табыс көзін қалыптастыруға жағдай жасалады.
Бағдарлама аясында қатысушыларға төмен пайыздық мөлшерлемемен несие беріледі. Алынған қаржыға мал шаруашылығын, егін шаруашылығын, құс өсіруді, жылыжай кәсібін, наубайхана, тігін цехы, қызмет көрсету саласы және басқа да кәсіп түрлерін дамытуға болады. Сонымен қатар кооперативтер құруға және ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға мүмкіндік қарастырылған.
«Ауыл аманатының» тағы бір ерекшелігі – қаржылай қолдау көрсетумен шектелмей, кәсіпкерлік негіздерін үйрету, жобаларды сүйемелдеу және кеңес беру жұмыстарының жүргізілуі. Бұл ауыл тұрғындарының өз кәсібін тиімді ұйымдастырып, табысты жүргізуіне көмектеседі.
Қазір бағдарлама көптеген ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына жол ашып, жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етуде. Нәтижесінде ауыл экономикасы дамып, тұрғындардың өмір сүру сапасы жақсарып келеді. Мемлекет ұсынған қолдау шарасы ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына серпін беріп, еңбекқор азаматтардың өз ісін өркендетуіне кең мүмкіндік жасауда.
Осылайша мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына және өз кәсібін дамытуына үлкен қолдау көрсетіп келеді. Бағдарламаның игілігін көріп отырғандардың бірі – кәсіпкер Еркінгүл Бейсова.
Еркінгүл Телесбайқызы аталған бағдарлама аясында 4 миллион 300 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, наубайхана ісін қолға алған. Алынған қаржыға бір мезетте 42 көмеш нан пісіруге мүмкіндік беретін заманауи пеш пен қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, кәсібін жолға қойған.
Бүгінде ол ауыл тұрғындарын сапалы әрі дәмді нан өнімдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, түрлі жартылай дайын өнімді де әзірлеп, халықтың сұранысын қанағаттандыруда.
Кәсіпкердің бір күні таңғы сағат 5:00-де басталады. Өнімдерінің балғын әрі уақытылы тұтынушыға жетуі үшін күн сайын ерте тұрып, жұмысқа кіріседі. Қазіргі таңда ол тәулігіне орта есеппен 100 дана нан пісіріп, тұрғындарға жеткізеді.
Сонымен қатар тапсырысқа қарай 10 келіге дейін тұшпара әзірлейді. Бұдан бөлек күн сайын 20-25 дана, кейде сұранысқа байланысты 50 данаға дейін булочка пісіріп, тұтынушылардың тапсырысын уақытылы орындап жүр.
Еркінгүлдің кәсібі тек нан өнімдерімен ғана шектелмейді. Ол арнайы жабдықталған бөлмеде самса, блинчик, пицца және басқа да тағам түрлерін дайындап, ауыл тұрғындарының дастарханына дәмді әрі сапалы өнім ұсынуда. Барлық өнімдер санитарлық талаптарға сай дайындалып, табиғи әрі сапалы шикізаттарды пайдаланудың арқасында тұтынушылардың көңілінен шығып келеді.
Еңбектің нәтижесі де жоқ емес. Кәсіпкердің бүгінде тұрақты тұтынушылары қалыптасқан. Өнімдерінің дәмділігі мен сапасына риза болған тұрғындар күнделікті тапсырыс беріп, оның кәсібінің өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Ауыл тұрғындарының сеніміне ие болған кәсіпкер алдағы уақытта кәсібін одан әрі кеңейтіп, өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ бір адамды тұрақты жұмыспен қамтып, ауылдағы жұмыссыздықты азайтуға үлес қосуды көздейді.
– «Кәсіп бастауға көптен бері ниеттеніп жүрдім. Алайда қажетті қаражаттың болмауы қолбайлау болатын. «Ауыл аманаты» бағдарламасы осы арманымды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Қазір өз кәсібім бар, халыққа қызмет көрсетіп отырмын. Болашақта өнім түрлерін көбейтіп, кәсібімді кеңейткім келеді», – дейді кәсіпкер.
Бүгінде ауылда отырып-ақ табысты кәсіп жүргізуге болатынын дәлелдеген Еркінгүл Бейсова мемлекет ұсынған мүмкіндікті тиімді пайдаланып, адал еңбегімен кәсібін өркендетіп келеді.
«Әрекетке – берекет» деген нақылдың шынайы көрінісі осындай болса керек. Оның табандылығы мен еңбексүйгіштігі ауыл кәсіпкерлеріне үлгі болып, жаңа бастамаларға жігер береді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
27 маусым 2026 ж. 29 0

Бейнет һәм құрмет

27 маусым 2026 ж. 23

Өмірі-өнеге, мұраты-асыл

27 маусым 2026 ж. 31

Мерей мен мәртебе

27 маусым 2026 ж. 24

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930