Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі «Ауыл аманаты» жобасы аясында жылыжай шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің жұмысымен танысты

Аудан әкімі «Ауыл аманаты» жобасы аясында жылыжай шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің жұмысымен танысты

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Қазалы қаласындағы «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несие алып, жылыжай шаруашылығын қолға алған кәсіпкерлердің жұмысымен танысты.
Алдымен аудан басшысы жеке кәсіпкер Піржанов Әділжанның жылыжай кешеніне барды. Кәсіпкер 2025 жылдың тамыз айында жалпы құны 5,0 млн теңгені құрайтын жобасын іске қосқан. Бүгінде жылыжайда қияр мен қызанақ өнімдері өсірілуде. Алғашқы өнімдерін алып отырған кәсіпкердің өнімдері Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы тұрғындарының сұранысына ие. Жоба аясында 1 тұрақты жұмыс орны құрылған.
Мұнан соң аудан әкімі жеке кәсіпкер Тілеуов Ерболаттың жылыжай жұмысымен танысты. Кәсіпкер 2026 жылдың шілде айында құны 9,6 млн теңге болатын жобасын іске қосқан. Жылыжайда қияр өнімдері өсірілуде. Биыл кәсіпкер екінші жыл қатарынан өнім алып, алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда екі кәсіпкердің де өнімдері халықтың сұранысына ие болып, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының тұрғындарын сапалы көкөніс өнімдерімен қамтып отыр.
Кездесу барысында аудан әкімі мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге алдағы уақытта да қолдау көрсетілетінін айтып, кәсібін кеңейтуге ниетті азаматтарға тиісті көмек берілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ кәсіпкерлерге сәттілік тілеп, бастамаларына оң бағасын берді.
Өз кезегінде кәсіпкерлер мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауларға ризашылықтарын білдіріп, бүгінде сол мүмкіндіктің арқасында кәсібін дөңгелетіп отырғандарын жеткізді.
Айта кету керек, «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Бүгінге дейін ауданда жоба аясында 200-ден астам азамат өз кәсібін бастап, халыққа қажетті өнім өндіру арқылы өңір экономикасының дамуына үлес қосып келеді. Мемлекет тарапынан 2023 жылдан бері аталған жобаларды жүзеге асыруға 1 млрд, 581 млн. теңге қаржы бөлінген.
18 мамыр 2026 ж. 136 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031