Аптап басылып, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: 25 маусымға арналған болжам
Фото:depositphotos.com
"Қазгидромет" бейсенбі, 25 маусымға арналған қалалар бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал, ал оңтүстікте аптап сақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қалалар бойынша ауа райы
Астана - көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы, дауыл тұруы мүмкін. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы.
Алматы - көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан 3-8, екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Шымкент - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13 метр секунд. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Түркістан - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13 метр секунд. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 35-37 градусқа дейін қатты аптап ыстық болады.
Қонаев - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 9-14, кей уақытта екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін қатты аптап ыстық болады.
Талдықорған - көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 метр секунд. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Қызылорда - аздап бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 5-10 метр секунд. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін қатты аптап ыстық болады.
Тараз - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Ақтау - көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан 5-10 метр секунд. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.
Атырау - көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 5-10 метр секунд. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Орал - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 7-12 метр секунд. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы.
Ақтөбе - көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 3-8, күндіз екпіні 12 метр секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы.
Қарағанды - көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан, түнде 3-8, күндіз 7-12 метр секунд. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы.
Жезқазған - көшпелі бұлт шығады, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан, түнде 3-8, күндіз 8-13 метр секунд. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 29-31 градус жылы.
Қостанай - көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 7-12, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 24-26 градус жылы.
Көкшетау - көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 27-29 градус жылы.
Петропавл - бұлтты болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, күндіз дауыл тұруы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы.
Павлодар - көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Жел батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Түнде температура 17-19 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Семей - көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады 7-12, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.
Өскемен - көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5-10, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.









