Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық сенімін арқалаған тәртіп сақшысы

Халық сенімін арқалаған тәртіп сақшысы

Халықтың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтауда ішкі істер органдары қызметкерлерінің атқаратын рөлі орасан.Осынау жауапты да қауіпті мамандықты серік етіп, өз міндетін мінсіз атқарып жүрген тәртіп сақшыларының бірі – Қазалы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Дастан Бақбергенов.
Өзіне тиесілі ауқымды аумақтың тәртіп пен әділдігінің жанды символы әрбір үй, көше, әрбір тұрғынның жағдайын жақсы біледі. Күндіз-түні тынымсыз жүріп, жанжал тұтанса, отын басады, ұсақ құқық бұзушылықтың алдын алады, сотталғандармен, қиын жағдайдағы отбасылармен әңгімелеседі. Азаматтардың арыз-шағымын тыңдап, оларға қол ұшын береді. Учаскелік қызметкердің жауапкершілігі ауыр да, жауапты. Ол қоғамдық тәртіпті қорғаумен қатар, қылмыстың алдын алуға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың тамырын кесуге, балалар мен жасөспірімдердің болашағын сақтауға міндетті. Профилактикалық жұмысы арқылы бірнеше отбасының тыныштығын сақтайды, заң бұзған азаматтарға екінші мүмкіндік береді. Халықтың полицияға деген сенімі осы учаскелік инспектордың адалдығы мен мейірімділігінен басталады.
Қазалы ауданында дүниеге келген жігіт орта мектепті бітірген 2009 жылы өмірлік таңдауына алғашқы қадымын жасайды. Бала күнгі арманының жетегімен құқық қорғау саласын таңдайды. 2012 жылы Д.Қонаев атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша ойдағыдай тәмамдап, заң саласының қыр-сырын терең меңгеріп шығады.
Оның ішкі істер органдары қатарындағы қызметі 2013 жылдан басталады. Ал 2015 жылдың наурыз айында Қазалы аудандық полиция бөліміне жұмысқа қабылданып, содан бері ел игілігі үшін тер төгіп келеді. Халқына адал қызмет етуді басты мақсат санаған Дастан 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазалы ауданы, Қазалы қаласында учаскелік полиция инспекторы міндетін абыроймен атқарып келеді.
Әр таңы беймәлім тағдырлардың түйінін шешуден басталатын учаскелік полиция инспекторының жұмысы сырт көзге байқала бермейтін, бірақ ел тыныштығының алтын діңгегіне айналған қастерлі кәсіп. Бүгінгі талаптар полциядан тек тәртіпті қадағалау ғана емес, халықтың сенімді серігіне айналған, озық технологиялар мен кәсіби біліктілікті ұштастырған құқық қорғау жүйесі болуды талап етеді. Өз аумағындағы әр шаңырақтың тынысын сезініп, әр тұрғынның мұң-мұқтажына құлақ түру – құрғақ заң шеңберінен әлдеқайда жоғары тұрған, үлкен жүректілікті қажет ететін жауапкершілік. Ауладағы алаңсыз ойнаған баланың күлкісі мен қарттардың емен-жарқын жүздесуінен өз еңбегімнің шынайы жемісін көргенде, мамандықты таңдағаныма қуанады.
«Учаскелік инспектор болу тек лауазым емес, халықтың мүлтіксіз сенімі мен үмітін арқалаған қырағылық пен төзімнің мектебі. Қарапайым бұқара мен билік арасындағы алтын көпірге баланған біздің қызметте қылмыстың алдын алу – мұрат, ал заң мен тәртіптің салтанат құруы – жеңіс», – дейді қызметі туралы сұрағанымызда.
«Өз елінің заңын сыйламаған адамнан жақсы азамат шықпайды» деген ұстанымдағы Дастан Өтебекұлын әріптестері күнделікті жұмыс барысында ішкі істер органдарының қызметін белгілейтін бұйрықтар мен нормативтік құжаттардың талаптарын жетік біліп қана қоймай, оны іс жүзінде өте сауатты қолдана білетінін айтады.
Дастанның бойындағы кішіпейілділік, салмақтылық пен адамгершілік қасиеттер оны жергілікті тұрғындардың шынайы құрметіне бөледі. Ол әрбір азаматпен, әріптестерімен қарым-қатынаста өте мәдениетті, ұстамды. Кез келген мәселені байыппен тыңдап, заң шеңберінде әділ шешім қабылдай білетін қасиетінің арқасында қазалылықтар оны ерекше жақсы көреді және сенеді.
Қызметтің қиындығы мен ауыртпашылығына төтеп бере білетін Дастанның жеке басының тәртібі де өзгелерге үлгі. Әскери-қызметтік дайындығы жоғары, өзіне бекітілген қаруды шебер меңгерген кәсіби маман. Сонымен қатар ол жұмыста қаншалықты қатал әрі талапшыл болса, отбасында соншалықты мейірімді әке, аяулы жар. Бүгінде асыл жарымен бірге отбасында үш бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасының отағасы.
Бүгінгі қазақ полциясы халықтың тірегі, медиатор, кеңесші және қорғаушы тұлға. Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік – өз ісіне адал азаматтардың қажырлы еңбегінің нәтижесі екендігін кейіпкеріміздің жүріп өткен жолынан ұғындық.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА

23 маусым 2026 ж. 40 0

Серт пен міндет биігінде

23 маусым 2026 ж. 45

Еңбекпен өрілген жол

23 маусым 2026 ж. 55

Гүл жайнаған балғындар

23 маусым 2026 ж. 49

Ұлттың алтын діңгегі

23 маусым 2026 ж. 47

Елге қызмет-ерге міндет

23 маусым 2026 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930