Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауапкершілік жолындағы жауаптылар

Жауапкершілік жолындағы жауаптылар

Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алып, өзі қызмет ететін аумақта отбасылық-тұрмыстық, қоғамдық заңбұзушылықтарды болдырмауды мақсат ететін учаскелік полиция инспекторлары көпке таныс.

Қазалы ауданы полиция бөлімі­нің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінде 32 учаскелік полиция инс­пекторы мен 6 инспектор көмекшілері бар. Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және ауылдық округтеріне бектілген мамандар жауапты аймақтарында қылмыстылықтың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жедел-қызметтік міндеттерді атқарып келеді.
Жергілікті жұртқа қажетті көмек көрсету, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуда профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу – учаскелік полиция инспекторының маңызды міндеттерінің бірі. Отбасы тұрмыстық қатынастар саласында орын алатын қылмыстардың алдын алудағы жұмыстар бойынша 82 азаматқа қорғау нұсқамасы шығарылған. 10 азаматтың мінез-құлқына ерекше талап орнатылып, оларға бақылау жұмыстары жүргізілген. 3105 азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы рәсімделген. Ауыр қылмыстардың, қарақшылық, тонау қылмыстардың алдын алу бағытындағы жүйелі істер атқарылған. Аудан көлемінде мал ұрлықтарын болдырмау, орын алған қылмыстарды ашу жолында Сырдария өзенінің Басқара су торабы, Әлсейіт, Қарлаң, Абай көпірлеріне арнайы бекеттер қойылған.
2005 жылдың 5 ай көлемінде «Бала және отбасы», «Түнгі қаладағы балалар», «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі», «Абайлаңыз, балалар!» профилактикалық шаралары, күн­делікті «Түнгі қала», «Квадрат» рейдтері жүргізілуде. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен 214 құқық бұзушылық дерегі анықталып, ата-аналары және заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Аудандағы 1686 оқушы оқитын 38 мектепте 1 аға инспектор, 4 ювеналды полиция инспекторлары қамтылған.
Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейтін 5 патрульдік полицияның қызмет инспекторлары жыл басынан бері жолда жүру ережесін бұзған 1791 құқық бұзушылықты анықтаған. Апаттылықтың алдын алу, адамдар қауіпсіздігі турасында профилактикалық жұмыстар жандандырылып, «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Мотоцикл» жедел шараларын өткізген.
Бөлімшеде табиғат саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кездескен құқық бұзушылықты анықтау мақсатында 1 тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында 1 қызметкер қызмет атқарады.
Полиция майоры Ғалымжан Аманов басшылық жасайтын бөлімшеде жұмыс істейтін полиция майорлары Көбей Зейнуллаев, Мешітқазы Әбдіреев, Қуаныш Орналиев, Рахымжан Алуашов, полиция капитандары Ғани Сүйінғараев, Ардақ Жұмабаев, Талғат Сайдулдаев, полиция аға лейтенанты Дәурен Құрмарзаев, Орынбек Нұрмаханов сынды тәжірибесі тоғысқан мамандар ісімен көпке үлгі болып келеді.
Құқық бұзушылықтың алдын алуда жерлестерімізге заң тұрғысынан кеңес беріп, жұртшылықпен сенімді қарым-қатынас жасап, адами, кәсіби тұрғыдан көмек беруге даяр тұру күнделікті бұлжымас қағидасына айналып кеткен учаскелік полиция инспекторлары қоғам тыныштығын сақтаудағы маңызды құрылымдар. Жауапкершілік жолындағы жауаптылар қашан да қырағы мамандықты таңдап, қызметтік міндетін атқаруға адалдық танытып, мемлекеттің қастерлі міндеттеріне көлеңке түсірмеу жолына мүмкіндіктерін тоғыстыруға мүдделі.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА

22 маусым 2024 ж. 153 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031