Қазалыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында серпінді сенбілік өтті
Бүгін Қазалы ауданында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында серпінді сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілік жұмыстарына аудандағы барлық мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, «Жасыл ел» жасағының жастары мен тұрғындар белсене атсалысты. Аудан орталығында өткен сенбілік барысында «Қазалы мәдени-демалыс кешені», Әйтеке би кентінің кіре беріс аумағы, Қ.Пірімов көшесі және Әйтеке би кентінің шет аймақтарында қоқыстан тазарту, бей берекет өскен шөптерді шабу, аяқ су арықтарын тазалау сынды жұмыстар жүргізілді. Дәл осындай сенбіліктер барлық ауылдық округтерде де жалғасты.
Тазалық шарасы барысында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен Әйтеке би кентінің шет аймақтарындағы бей-берекетсіз шашылған қоқыстар арнайы техникалардың көмегімен алынып, арнайы орындарға шығарылды.
Мәдени-демалыс кешені мен кент аумағында өткен тазалық жұмыстарын аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, аудан прокуроры Мадияр Бекпанов және аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев аралап көріп, Әйтеке би кентіндегі әрбір аумақтың тазалығы бойынша алдағы уақытта атқарылатын бірлескен тазалық жұмыстарын талқылады.
Жалпы, бүгінгі аудан бойынша өткен сенбілік жұмыстарына 148 мекемеден 1 856 адам, 17 техника жұмылдырылып, полигондарға 18,2 тонна қоқыс шығарылды.















