Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАЛЫДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қазалыда аудан орталығы - Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы және барлық ауылдық округтерде жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Бұл жолғы сенбілікте аудан орталығы - Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр, Әйтеке би, Қ.Сәтбаев, С.Сейфуллин, С. Мұқанов сынды орталық көшелер бойындағы ретсіз өскен шөптер шабылып, күл-қоқыстар тазартылды. Сондай-ақ аяқ су арықтары тазаланып, көше бойындағы аялдамалар тазаланды. Тазалық жұмыстарын аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Әйтеке би кентінің әкімі Әліби Әбиев пен бірге аралап, кенттің тазалығы бойынша жауаптыларға бірқатар тапсырмалар берді.
Бүгінгі сенбілік барысында Әйтеке би кентінің кіре берісі мен кент ішіндегі жасыл белдеулердің де шөптері шабылып, аяқ-су арықтарын тазарту жұмыстары жасалды.
Сенбілік барысында жиналған 25 тоннаға жуық күл-қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды. Сондай-ақ, сенбілік жұмыстарының аясында кенттегі аллеялар мен саябақтарда ретсіз өскен шөптерде шабылып, тазартылды.
18 мамыр 2025 ж. 156 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 194

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930