Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақсуат ауылында тұрғындармен есепті кездесу өтті

Ақсуат ауылында тұрғындармен есепті кездесу өтті

Бүгін Ақсуат ауылында тұрғындармен есепті кездесу өтіп, онда «AMANAT» партиясы атынан сайланған Майлыбас ауылдық округінің әкімі тұрғындар алдында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Жиын барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы, жүзеге асқан жобалар мен алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды.
Кездесуге арнайы қатысқан аудандық мәслихаттың төрағасы, аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш және партия филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев өңірде және аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы міндеттер жөнінде баяндады.
Жиын барысында Майлыбас ауылдық округінің әкімі Алмат Әбілхан ауылда атқарылған жұмыстарды жан-жақты таныстырып, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын жобалар мен жоспарлар туралы мәлімет берді.
Сонымен қатар, «Кеңтүп» бастауыш партия ұйымының төрағасы Әлішер Мәмбетов ұйым тарапынан атқарылған жұмыстарды қорытындылап, қоғамдық бастамалар мен партиялық жобалардың жүзеге асу барысы жөнінде ақпарат ұсынды.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ауылдың дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын жеткізіп, алдағы бастамаларға қолдау білдірді.
#AMANAT
26 мамыр 2026 ж. 30 0

Тиімді кәсіп көздері

13 маусым 2026 ж. 44

Батагөйлер байқауы өтті

13 маусым 2026 ж. 42

Ел тілегі ескерусіз емес

13 маусым 2026 ж. 44

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930