Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » AMANAT: ауыл әкімдері сайлаушылармен алдында есеп беруде

AMANAT: ауыл әкімдері сайлаушылармен алдында есеп беруде

Бүгін Басықара ауылында «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен жергілікті сайлаушылармен кездесу өтті.
Кездесуге аудандық партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш, аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев және аудандық мәслихат депутаты Әділбек Сарабеков қатысты.
Басқосуды Ғазиз Әлмәмбетұлы жүргізіп, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға, партияның сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысына және алдағы жоспарларға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, халықпен тұрақты байланыс орнатудың маңызын атап өтіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері әрдайым назарда болатынын жеткізді.
Мұнан соң «AMANAT» партиясынан ұсынылып сайланған Басықара ауылдық округінің әкімі Мұрат Бекмамбетов өзінің сайлауалды міндеттемелерінің орындалу барысы жөнінде баяндады. Ол ауылдың әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуы бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған жобаларды таныстырды.
Сондай-ақ, «Басықара» бастауыш партия ұйымының төрағасы, №182 орта мектептің директоры Гүлдәурен Бақытбергенов бастауыш партия ұйымы аясында жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталып, қоғамдық бастамалар туралы пікір бөлісті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды. Көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды. Тиісті бағыттар бойынша жұмыстар заң аясында кезең-кезеңімен жүргізілетіні атап өтілді.
Қорытындысында партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш ауыл әкіміне тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бағытындағы жұмыстарды жандандырып, ауылдың әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына қатысты бастамаларды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.
#AMANAT
20 мамыр 2026 ж. 63 0

Тиімді кәсіп көздері

13 маусым 2026 ж. 49

Батагөйлер байқауы өтті

13 маусым 2026 ж. 47

Ел тілегі ескерусіз емес

13 маусым 2026 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930